Мазмұнға өту

Шотланд фунты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Шотланд фунты  (қаз.)

Pund Scots

Дәуіт I королдің пенниі
Айналым шекарасы
Эмитент Шотландия патшалығы
Туынды және параллельді бірліктер
Бөлшекті Пенни (1240)
Шиллинг (120)
Тарих
Валюта-ізашар Фунт стерлинг

Шотланд фунты (шотл. Pund Scots, ағылш. Pound Scots) — XII-XVIII ғасырлардағы Шотландияның ақша бірлігі. Шотландия банктерінің қазіргі уақытта шығарылатын банкноталарды кейде «шотланд фунты» деп те атайды.

Тәуелсіз Шотландияның ақша бірлігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шотландия тиындарын шығару Дәуіт I-нің тұсында басталды (1124-1153 жж.). Бастапқыда тиындар ағылшын тиындарына сәйкес мөлшерде және салмақта стерлинг үлгісінде шығарылды. Шотландия фунты, фунт стерлинг сияқты, 20 шиллинг пен 240 пенстерден тұрды.

Бірте-бірте шотландық тиындар үлесінің азаюымен шотланд фунтының құны фунтқа дейін төмендеді. 1603 жылы Шотландия королі Яков VI Англия патшасы болған кезде, бағам белгіленді: 1 фунт стерлинг = 12 шотланд фунты. 1707 жылы Уния туралы акттың қабылдануымен және біртұтас мемлекеттің құрылуымен шотланд фунты айналымнан алынды.

Шотланд банкінің банкноттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шотландия тәуелсіз мемлекет болмаса да, Ұлыбритания құрамына кірсе де, Шотландияның үш банкі өз банкноттарын шығаруға құқылы. Ресми түрде бұл банкноттар «шотланд фунттары» деп аталмайды, олардың атаулы құндары фунт стерлингте көрсетіледі. Бұл банкноттар заңды валюта болғанымен, «заңды төлем қаражаты» (ағылш. Legal Tender) терминінің қатаң мағынасында шотланд банктердің банкноттары Шотландияда да заңды төлем құралы болып табылмайды, бірақ оны Біріккен Патшалықта қабылдауға болады.

  • Банкноттың негізгі түсі - қоңыр, кіршең (сарғыш), жасыл.
Сыртқы медиафайлдар
Шотландық банкноттар
5 фунтов.
10 фунтов
20 фунтов
50 фунтов
100 фунтов