Мазмұнға өту

Шпурбус

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Шпурбус — маршрутпен тез жүру үшін арнайы бағыттағыштарды пайдаланатын автобус түрі.

Алғашқы шпурбус 1979 жылы Германияда өткен халықаралық көлік көрмесінде таныстырылды. Бұл жобаны федералды үкімет қолдады, бастапқыда автобустардың туннельдегі қозғалысын қауіпсіз қылуға бағытталған еді.

1980 жылы Мерседес-Бенц шығарған бұл көлік түрі Эссен қаласында жұмыс істей бастады. Шпурбустың өзі автобустан тек бағыттағыш дөңгелектердің бар болуымен ерекшеленеді. Алайда оған арналған жол өзгеше әдіспен салынады, екі жағынан бордюр секілді шектегіштер осы көліктің маршруттан жаңылмауын және тез жүруін қамтамасыз етеді. Ал жай жолға түскенде, шпурбус сәл бәсеңдеп, кәдімгі автобус сияқты жүре бастайды.[1]

1986 жылы Мерседес-Бенц аустралиялық Аделаида қаласы үшін шпурбусты құрастырды. 1992 мен 2005 жылдары аралығында шпурбус немістердің Манхайм қаласында істеген. Жапонияның Нагоя қаласында шпурбус 2001 жылдан бері істейді. Ұлыбританияның бірнеше қаласында да бұл көлік түрін кездесуге болады.

Ұқсас жобалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шиналы трамвай — электр тоғымен істейтін бұл көлік түрінде бағыттағыш функциясын бір рельс орындайды. Ол жолдың ортасында орналасады, ал көліктің астында рельспен сырғып жүретін дөңгелегі болады, бірақ негізгі салмақ шиналарға түседі. Ондай көлік негізімен Францияда дамыған.

Транслор деген көлік түрінде жол ортасындағы рельске қиғаш келген екі дөңгелек жанасады. Бұл бір жағынан жылдам жүрісті қамтамасыз етеді, сондай-ақ рельстен шығып қалу ықтималдығын төмендетеді. Транслор Францияда, Италияда және Қытайда бар.

Нидерланд елінде магниттік жүйемен істейтін автобустар бар. Жолға бекітілген магниттік белгілерді автобустағы компьютер анықтап, олар бойынша өз маршрутын құрып отырады.

Оптикалық жүйемен істейтін автобустарда камералар жолдағы ақ жолақтарды анықтап, маршруттарды солардың бойымен жүргізеді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]