Мазмұнға өту

Эпигондар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Эпигондар (грек. еpіgonoі, сөзбе-сөз – кейін туған ұрпақтар) – 1) ежелгі грек мифологиясындағы Фивы циклы деп аталатын Фивы қ. қоршауда сәтсіздікке ұшыраған жеті аргосстық батырлардың ұлдары. Эпигондар 10 жыл өткен соң Фивыны қайтадан қоршап, қаланы басып алды; 2) Александр Македонскийдің әскербасылары – диадохтардың ұлдары; олар б.з.б. 3 ғ-да ыдыраған Александр державасын қайта бөлісу үшін күрес жүргізді. Басқаша мағынасында Эпигондар – түкке тұрмайтын ізбасарлар дегенді білдіреді. Осыдан барып, “эпигондық” деген түсінік шыққан.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

<references>


  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том