Үкіметтік емес ұйымдар
Үкіметтік емес ұйымдар — үкіметтен тәуелсіз жұмыс істейтін, әдетте қоғамдағы маңызды мәселерді алдыға шығарып, оларды шешуге ұмтылған еріктілер тобы құрған бейкоммерциялық ұйымдар.[1] Бұл ұйымдар жергілікті, ұлттық және дүниежүзілік деңгейде құрыла алады. Әйгілі үкіметтік емес ұйымдарға, әсіресе Халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға Шекарасыз дәрігерлер (Médecins sans frontièrs), Гринпис (Greenpeace), Халықаралық амнистия (Amnesty international), Билл және Мелинда Гейтстер Қоры (Bill and Melinda Gates foundation), Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), Шекарасыз репортёрлер (Reporters without borders), т.б. дүниежүзіне ортақ адам құқықтары мен қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ басқа да қоғамдық мәселерді шешуге ұмтылған ұйымдар жатады.[2]
Қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді. 2002 жылы Үкімет қаулысымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтарын және оларды жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейін айқындады. 2003 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыру болып табылады. Тиісті өңірлік бағдарламалар бекітілген. Бүгінгі таңда облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің жанында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын орнықтыратын кеңестер, ал орталық атқару органдарында салалық үкіметтік емес ұйымдар қатысуларымен консультативтік-кеңестік органдар құрылып, қызмет етуде. 2003 жылғы 14-15 қазанда Мемлекет басшысының қатысуымен тұңғыш рет Азаматтық форум - үкіметтік емес ұйымдар республикалық съезді өтті. Форумның ұйымдастырылуы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарның қоғамдық өзекті проблемаларды шешуде әріптестік негізіндегі өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің бірлескен қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік туғызды. 2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың отандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының II Азаматтық форум өткізу туралы бастамасын қолдады. 2005 жылы сәуірде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының құқықтық негізін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" Заңы қабылданды, II Азаматтық форумга дайындық шеңберінде Үкімет II Азаматтық форумга дайындық жүргізу және өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетін қүрды. Сонымен қатар, қүрамына ірі үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық қауымдастықтар басшылары енген Форумга дайындық жүргізу жөніндегі қоғамдық ұйымдастыру комитеті құрылды.[3]
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үкіметтік емес ұйымдар (қоғамдық) туралы заң 2006 ж. Пайда болды, №1 4-бап «Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер»
"Мемлекет қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер істеріне және қоғамдық бірлестіктердің мемлекет істеріне заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік органдардың міндеттерін жүктеуге жол берілмейді.
Қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік органдармен ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл етуі, олармен келісімдер жасасуы мүмкін, мемлекеттік органдармен шарттар бойынша олар үшін заңдарда көзделген белгілі бір жұмыстар орындауы мүмкін."
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |