Asteroids
Көрініс
Asteroids | |
---|---|
Жасаушы | Atari |
Шығарылған күні |
1979 жыл |
Жанр | аркада |
Платформалар | Аркадалық автомат, Atari 2600, Atari 7800, Atari 8-bit, Game Boy |
Ойын режимдері | бір адамға, мультиплеер |
Басқару құрылғылары | перне |
Asteroids — ең танымал аркадалық ойындардың бірі.
Үшбұрыш пішіндес ғарыш кемені басқаратын ойыншының алдында астероидтардан аулақ жүріп, оларды атып-жару арқылы көбірек ұпай жинау мақсаты қойылады.
Астероидке тигенде, ол екіге жарылады, жарқыншақтары да сөйтіп бөлінеді. Орташа жарқыншақтар бастапқы астероидтардан жылдамдырақ болады, кіші жарқыншақтар ең жылдам келеді. Астероидтардан басқа кей кездері экранның оң жағынан сол жағына қарай "ұшатын табақтар" өтіп жатады, олар ойыншыға қарсы оқ атады.
Әр жаңа ойынды ойыншы 3–5 "өмірмен" бастайды. Жиналған әр 10 мың ұпай үшін тағы бір "өмір" беріледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Invasion of the Asteroids — Esquire.