Мазмұнға өту

ExxonMobil

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Exxon Mobil Corporation
Түрі

қоғамдық компания

Биржадағы листингі

NYSE: XOM

Құрылды

30 қараша 1999

Орналасуы

 АҚШ: Ирвинг, Техас штаты

Басты адамдары

Рекс В. Тиллерсон (директорлар кеңесінің төрағасы және бас меңгерушісі)

Саласы

Мұнай шығару және өңдеу

Айналым

$310 млрд (2009)

Операциялық кірісі

$84,1 млрд (2008)

Таза табыс

$41,06 млрд (2011)

Қызметкерлер саны

79,9 мың адам (наурыз 2009)

Сайты

exxonmobil.com

Exxon Mobil Corporation (NYSE: XOM) — америкалық компания, әлемдегі ең ірі жеке мұнай компаниясы, нарықтық капитализациясы (2007 жылдың 13 шілдесіне қарай $508,85 млрд[1], 2009 жылдың мамыр айына қарай FT 500 нарықтық капитализациясының рейтінгі бойынша $336,5 млрд[2]) бойынша әлемдегі ең ірі корпорацияларының бірі.

Хьюстондағы ғимараты

2007 жылы американдық көпшілік компаниялардың Fortune 1000 және әлемдік ірі корпорациялардың Fortune Global 500 тізімінде 2-ші орынға иемденді (тізімдер 2006 жылғы табыстың мөлшері бойынша құрастырылған).

Компанияның штаб-пәтері Техас штатындағы Ирвинг қаласында орналасқан.

Қазіргі компания, 1999 жылы американдық Exxon және Mobil екі ең ірі мұнай компаниялардың бірігіуі нәтижесінде пайда болды.

Екі компания Джон Рокфеллердің Standard Oil трестінің мұрагерлері болған.

1998 жылы Exxon және Mobil $73,7 млрд құрған бірігу туралы келісім шартқа қол қойып, әлемдегі ең ірі жаңа ExxonMobil Corporation компанияның пайда болуы туралы жариялады. Компаниялардың бірігуі 1999 жылдың 30 қарашасында аяқталды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Михаил Оверченко, Татьяна Бочкарева. Полтриллиона за нефть // Ведомости, № 129 (1903), 16 шілде 2007
  2. Российские компании выбыли из числа крупнейших в мире. Lenta.ru (1 маусым 2009 ж.). Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 маусым 2012. Тексерілді, 12 тамыз 2010.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: ExxonMobil