II Сәлім
II Сәлім осман. سليم ثانى — Selîm-i sânî Мүміндер әмірі Екі киелі қаланың қызметкері | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
29 қыркүйек 1566 — 21 желтоқсан 1574 | |||
(Лақап аты Сары II Сәлім) | |||
Ізашары | I Сүлеймен | ||
Ізбасары | III Мұрат | ||
Мұрагері | Мұрат шаһзада | ||
| |||
1562 — 29 қыркүйек 1566 | |||
Монарх | I Сүлеймен | ||
Ізашары | Баязит шаһзада | ||
| |||
1558 — 1562 | |||
Монарх | I Сүлеймен | ||
Ізашары | Баязит шаһзада | ||
| |||
1544 — 1558 | |||
Монарх | I Сүлеймен | ||
Ізашары | Мехмет шаһзада | ||
Ізбасары | Мұрат шаһзада | ||
| |||
1542 — 1544 | |||
Монарх | I Сүлеймен | ||
Ізбасары | Баязит шаһзада | ||
Өмірбаяны | |||
Мамандығы | Ақын | ||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 28 маусым 1524 Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Қайтыс болуы | 13 желтоқсан 1574 (50 жас) Константинополь, Османлы мемлекеті | ||
Жерленді | Әулие Софья мешіті, Ыстамбұл | ||
Династия | Османлы әулеті | ||
Әкесі | I Сүлеймен | ||
Анасы | Хүррем сұлтан | ||
Жұбайы | Нұрбану сұлтан Селимие сұлтан | ||
Балалары | Ұлдары: III Мұрат Әбдулла шаһзада Осман шаһзада Мұстафа шаһзада Сүлеймен шаһзада Мехмет шаһзада Махмұт шаһзада Жиһангір шаһзада Қыздары: Гауһархан сұлтан Есмахан сұлтан Шаһ сұлтан Фатима сұлтан | ||
Қолтаңбасы | |||
II Сәлім Ортаққорда | |||
өңдеу |
II Сәлім (осман. سليم ثانى — Selîm-i sânî; ақындық лақап аты — Сәліми (түр. Selîmî); 28 мамыр 1524 — 13 желтоқсан 1574) — Османлы мемлекетінің 11-ші сұлтаны, Ислам халифатының 76-шы халифі, ақын.
Бұл сұлтанның тұсында Османлы мемлекетінің жалпылама әлсіреуі басталады. Саясатына әпкесі Михримах сұлтан мен әйелі Нұрбану сұлтан үлкен ықпал тигізгені үшін оның тұсында "Қатындар сұлтанаты" атты тарихи кезең өз жалғасын табады. Жер аумағы ұлғайса да (14 893 000 км²-тан III Мұратқа 15 192 000 км²-қа дейін), бұған сұлтан емес, садрағзам Соколлы Мехмет паша өз септігін тигізді. Садрағзам мемлекеттік істермен айналысқанда Сары Сәлімнің маскүнемдікке салынып, гаремде өзінің күңдерімен көңіл көтеріп жүретін. Соған байланысты османлылар арасында сұлтанның Маскүнем Сәлім деген лақап таралды. "Халық қандай — билеуші сондай" деген мәтелге сәйкес Маскүнем Сәлімнің тұсында османлылардың рухани дүниесі де түсе бастады: Сүлеймен жапқан кофеханалар қайтадан ашылды, халық арасында шараптар тарала бастады және т.с.с.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]I Сәлім 1524 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны I Сүлеймен шаңырағында дүниеге келді. Басында 1542 жылдан бастап Коньяның санжақбейі болды. Кейін 1544 жылы үлкен туған ағасы Мехмет шаһзада қайтыс болғанда, Сәлім шаһзада ағасының орнына Манисаның санжақбейі болып тағайындалды. 1548 жылы I Сүлеймен Парсы жорығына шыққанда, Константиниеде Сәлімді өзінің орынбасары ретінде қалдырды. Ал 1553 жылы өгей ағасы Мұстафа шаһзада әкесінің бұйрығымен өлім жазасына кесілгенде, сұлтан Сәлім шаһзаданы басты мұрагер етіп жариялады.
Баязит шаһзадамен алауыздығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1558 жылы анасы Хүррем сұлтан қайтыс болғаннан кейін, інісі Баязит шаһзадамен алауыздық күшейді. Бұл алауыздық — жылдар бойы болған нәрсе, бірақ екеуінің аналары Хүррем сұлтанның беделінің әсерінен бұл алауыздық ушықпады. Ал енді Хүррем сұлтан қайтыс болған соң ағайындылар алауыздығына кедергі жасайтын әкелерінен басқа ешкім қалған жоқ. Ал әкелері оларға кедергі жасау үшін 1558 жылы оларды бір-бірінен өте алыс санжақтарға жібереді: Сәлім шаһзада Коньяға аттанса, Баязит шаһзада Амасьяны басқаруға кетеді. Бірақ бұл шешім еш пайда әкелген жоқ: Баязит шаһзада жолда ағасына қарсы әскер жинай бастайды.
1559 жылы Баязит шаһзада жиналған әскерімен Сәлім шаһзаданың санжағы Коньяға жетеді. 1559 жылдың мамырында болған Конья шайқасында Сәлім шаһзада өз інісінің әскерін талқандайды, ал Баязит шаһзада парсыларға қашады. Алайда 1561 жылы сефевид шаһы Тахмасп Баязит шаһзаданы I Сүлейменге 400 000 алтын үшін тапсырды. 25 қыркүйек 1561 жылы Баязит шаһзада өлім жазасына кесілді.
Әкесінің соңғы жылдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1562 жылдан бастап әкесінің ажалына дейін Сәлім шаһзада Күхатия санжақбейі болды. Ең қызықтысы, осы санжақты 1555-1558 жылдары інісі Баязит шаһзада басқарған.
5 қыркүйек 1566 жылы әкесі I Сүлеймен Сигетвар қамалын қоршаған кезде, өз шатырында қайтыс болды. Сәлім шаһзада үш аптадан кейін Кютахьядан Константиниеге келіп, османлы садрағзамы Соколлы Мехмет паша қолдауымен таққа отырды.
Сұлтанатының сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]II Сәлім тұсында барлық мемлекеттік істермен османлы садрағзамы Соколлы Мехмет паша айналысты. Бұл замандағы Османлы мемлекеті абсолюттік монархиядан гөрі конституциялық монархияға көбірек ұқсады. Себебі, сұлтанға қарағанда мемлекетте садрағзам беделдірек болды. Сұлтан тек қол қою үшін, шерулерге қатысу үшін және монархиялық мәртебені сақтау үшін ғана қажет болды. Ал нағыз мемлекеттік мәселелерді садрағзам шешіп отырды. II Сәлім мемлекеттік мәселелердің көбісін Соколлы Мехмет паша кеңесімен ғана шешіп отырды.
Аштархан жорығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1569 жылы Аштарханға сәтсіз жорық ұйымдастырылды. Константиниеде Еділ мен Дөң өзендерін арық арқылы қосу жоспары құрылған. 1569 жылы жаңа шеріктер мен татарлардың атты әскері Аштарханды қоршап, Еділ-Дөң мойнағында құрылыс жұмыстарын бастады. Сол кезде Османлы флоты Азақ қаласын қоршауға алды. Бірақ 15-мыңдық орыс әскері османлылар мен татарларға шабуыл жасап, ары қарай шегіндірді. 1570 жылы Османлы мемлекеті мен Орыс патшалығы бітім шартқа отырды.
Иосиф Наси
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сарайда Соколлы Мехмет пашадан кейінгі ең жақын досы — португалдық көпес Иосиф Наси еді. Бұл көпес II Сәлімге сыйлық жасау үшін алтын мен әшекейлерді аямайтын. Жауап ретінде сұлтан Иосиф Насиге Наксос аралын сыйлады. Алайда көпес елордада тұрып, сұлтаннан бүкіл османлы жерінде шарап сату монополиясына қол жеткізді. Венеция елшісі былай айтады:
Ұлы мәртебелі шарапты тым көп ішеді, және уақыт өте келе дон Иосиф оған көп шарап бөтелкелерін және таңдаулы тағамдарын жібереді. |
Ажалы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1574 жылдың 13 желтоқсанында II Сәлім моншаның құрылысын тексеруге барғанда, моншаның мәрмәрлық тақтасына басын соғып, қайтыс болды.
Садрағзамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Есімі | Қызмет атқарған мерзімі | Уақыты |
---|---|---|---|
45 | Соколлы Мехмет паша | 29 қыркүйек 1566 — 21 желтоқсан 1574 | 8 жыл |
Өнерде
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- «Роксолана» телехикаясы (1996-2003 жж., II Сәлім рөлінде — Константин Степанков)
- «Хүррем сұлтан» телехикаясы (2003 жыл, II Сәлім рөлінде — Атилай Ұлуысық)
- «Сүлеймен сұлтан» телехикаясы (2011-2014 жж., II Сәлім рөлінде — Енгин Өзтүрік)
Қызықты деректер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- II Сәлім сұлтан ретінде әскери жорыққа шықпаған алғашқы османлы билеушісі.
- II Сәлімді османлылар Маскүнем Сәлім деп атап кетті. Сұлтан шарап ішуді ұнатқан, алайда тура мағынада маскүнем болмаған. Оның үстіне Сәлімнен оған дейінгі басқа сұлтан I Баязит те ішімдікті ішкен. Сонымен қатар османлы халқы II Сәлімді Сары Сәлім деген лақап ат қойған. Біріншісіне қарағанда бұл лақап ат дұрысырақ, себебі, шынымен де, сұлтан анасы секілді сары шашты болған.
- II Сәлім шарапқұмарлығына қарамастан, ақындық өнері де болған. Көбінесе сұлтан өзінің зайыбы Нұрбану сұлтанға махаббат сезімін жеткізу үшін өлеңдер жазған.
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары | ||
---|---|---|
Ізашары I Сүлеймен |
II Сәлім 29 қыркүйек 1566 — 21 желтоқсан 1574 |
Ізбасары III Мұрат |
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит · V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф) | ||
Әулет · Шежіре · Санат |