Мазмұнға өту

Samsung Galaxy S7

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Samsung Galaxy S7
Өндіруші

Samsung Electronics

Серия

Samsung Galaxy S

Сату датасы

11 наурыз 2016 жыл

Байланысты үлгілер

Samsung Galaxy S7 Edge

Тип

смартфон/коммуникатор

Көлемі

Samsung Galaxy S7 Edge-151x73x8 мм Samsung Galaxy S7- 143x70x8 мм

Салмағы

152/157 грамм

Операциялық жүйе

Android 7.0 Nougat

Орталық процессор

Exynos 8890 Octa-core (төрт ядро M1 2.3 ГГц және төрт ядро Cortex-A53 1.6 ГГц)

Графикалық процессор

Mali-T880 MP12

Оперативтік зерде

4 ГБ LPDDR4

Жады

32 ГБ

Карта жадысы

200 ГБ-қа дейін microSD жад карталарын қолдау

Аккумулятор

3000/3600 mAh

Экран

5.1"/5.5"

Сілтеме

http://www.samsung.com/global/galaxy/galaxy-s7/

Samsung Galaxy S7 (SM-G930, SM-G935) — Galaxy S буын желісін жетінші смартфон, Samsung Electronics компаниясы 2016 жылдың 21 ақпан MWC Барселонада ұсынды[1].

Модель 12-мегапиксельді негізгі камерасымен, оның модулі апертурасымен f1.7 бола отырып, "ақылды" оптикалық тұрақтандыру жүйесіме жабдықталған, инфрақызыл фокусымен және Real-Time HDR режимін қолдайтындығымен, жақсартылған саусақ іздерінің сканері және жүрек соғысы датчигімен  ерекшеленеді. Сондай-ақ, Samsung Galaxy S7 шаң мен дымқылдан қорғану бойынша IP68 стандартын алды, демек, смартфон 30 минутқа дейін тереңдігі 1,5 м суда болуы мүмкін.

Жүргізілген эксперимент көрсеткендей, смартфон сулы саусақпен және жаңбыр жауған кезде пайдалануға болады, алайда, суға батыру кезінде тачскрин жауап бермейді, бірақ өзі смартфон әлі де жұмыс істейді. Дыбысты реттеу пернесі көмегімен осы сәтінде бірнеше суреттерді түсіруге мүмкіндік болды.[2]

Техникалық деректері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аппараттық қамтамасыз ету

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Смартфон 64-битті сегіз ядролы Exynos 8890 процессоры бар, 14 нм процесінде орындалған. Графикалық процессор ретінде Mali-T880MP12 орнатылған. Кейбір нарықтарды сондай-ақ, компания Snapdragon 820 чипсетіндегі, Adreno 530 графикалық процессорімен жұп жұмыс істейтін құрылғы шығарды.

Жедел жады 4 ГБ, типі LPDDR4. Аппарат, 32 немесе 64 ГБ тұрақты ішкі жадқа ие (оның ішінде 8 ГБ операциялық жүйесімен және алдын ала орнатылған қосымшалармен толтырылған[3]), 16 ГБ нұсқалары жоқ. Galaxy S6-тен айырмашылығы, 200 ГБ-қа дейін microSD слот картасы пайда болды, ол, өз кезегінде, екінші SIM картасы (тек Duos модельдері үшін ғана , онда мүмкіндік мысалы, 930F моделі екінші сим-картаны қолдамайды, ал 930FD моделі — қолдайды) слот үшін пайдаланылуы мүмкін. Батарея сыйымдылығы Galaxy S7 3000 мАч, Galaxy S7 Edge — 3600 мАс. Екі моделі де сымсыз зарядтауды қолдайды.

Гаджеттерде дисплей пайдаланылады, ол Quad HD (1440x2560 пиксельдер) көруге рұқсат бере отырып, Super AMOLED технологиясы бойынша орындалған. Смартфон дисплейі 576 ppi (дюймге пиксельдер) тығыздығының көрсеткіші ие.

Бағдарламалық қамтамасыз ету

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Операциялық жүйесі Android 7.0 Nougat, Grace UX интерфейсті, ол TouchWiz ретінде белгілі.

Ресми таныстыруда бір пайдалы функциясы туралы жарияланған жоқ, ол смартфонды сымсыз желінің көшпелі нүктесіне айналдыруға қабілетті. Кейінірек бұл туралы итальяндық HDBlog қоғамдастығы өкілдері хабарлады, олар флагманға жан-жақты тестілеу өткізді. Олар S-сериясы жаңалықтары мобильді роутерге айнала алатынын мәлімдеген, басқа да құрылғыларға Wi-Fi таратуға қабілетті. Ол үшін сымсыз қосылу қосу параметрлерінде Enable Wi-Fi Sharing функциясын қосу керек[4].

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ресми анонстан бір ай өткен соң, Samsung Galaxy S7 Consumer Reports нұсқасы бойынша үздік смартфон атандф. Жоғары баға бергендер дербес жұмыс істеудің үздік уақыты, керемет дисплей, камера және қуатты процессор үшін жоғары баға берген. Сонымен қатар, Consumer Reports microSD пайда болғанын және шаңнан және ылғалдан қорғалуын атап өтті.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]