Ливан
Ливан (араб.: لبنان, Любнан), ресми атауы Ливан Республикасы (араб.: الجمهورية اللبنانية; әл-Джумхурийя әл-Любнанийя) — Батыс Азиядағы, Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы мемлекет. Жер аумағы 10,4 мың км². Халқы — 3,6 млн. (2003). Астанасы — Бейрут қаласы Негізгі халқы — арабтар (93%), армяндар (6%), түріктер, күрдтер де мекендейді. Халқының негізгі бөлігі ислам (60%) және христиан (35%) діндерін ұстанады. Ресми тілі — араб тілі. 1926 жылы 23 мамырда қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — депутаттар палатасы. Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 22 қараша (1943). Ливан 1945 жылдан БҰҰ-на мүше. Әкімшілік жағынан 5 мухафазаға бөлінеді. Ақша бірлігі — ливр.
Ливан Республикасы араб.: الجمهورية اللبنانية әл-Джумхурийя әл-Любнанийя | |||||
| |||||
Әнұран: «Ливан ұлттық әнұраны» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 22 қараша 1943 жыл (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | араб тілі | ||||
Елорда | Бейрут | ||||
Ірі қалалары | Триполи, Бейрут, Сайда, Баабда, Эн-Набатия, Захла | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Ұлттық ассамблея төрағасы |
Мишель Аун Саад Харири Набих Берри | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 161-ші орын 10 452 км² 1,8 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Тығыздығы |
6 006 668 адам (112-ші) 560 адам/км² (21-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
94 млрд.[1] $ 20,543[1] $ (66-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
59 млрд.[1] $ (82-ші) 12,992[1] $ | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,757[2] (жоғары) (80-ші) | ||||
Валютасы | Ливан фунты | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .lb | ||||
ISO коды | LB | ||||
ХОК коды | LBN | ||||
Телефон коды | +961 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC-2:00 |
Табиғаты
өңдеуЛиванға субтропиктік климат тән. Жазы ыстық (тамызда 27ӘС), қысы жылы (қаңтарда 13ӘС). Жылдық жауын-шашын мөлшері 400-ден 1000 мм-ге дейін жетеді. Елдің көпшілік бөлігі Ливан қыратында орныққан. Ең биік жері — Курнет-әс-сауда тауы (3088 м). Ливан мен Антиливан қыраттарының арасында ені 8–14 км болатын Бека жазығы орналасқан. Цитрусты жемістер, жүзім, көкөніс өсіріледі, мәңгі жасыл ағаштар бар. Негізгі өзені — әл-Литани.
Тарихы
өңдеуБ.з.б. 4-мыңжылдықта қазіргі Ливан аумағында финикиялық қала-мемлекеттер болды. Рим империясының құрамына енгенге дейін б.з.б. 8–1 ғасырларда әр түрлі мемлекеттердің құрамында болды. 637 жылы Ливанды арабтар жаулап алды. Крест жорықтарының нәтижесінде Ливан 1098–1289 жылдары христиан ордендерінің құрамына кірді. 16 ғасырға дейін елді египеттік мәмлүктер басқарды. 1516 жылы түрік сұлтаны Селим І египеттік мәмлүктерді жеңіп, Ливанды Осман империясына қосты. Бірақ елдегі билік Ливан әмірлерінің қолында болды. Елді 16–17 ғасырларда Маан әулеті, 17 ғасырдың аяғынан 1840 жылға дейін Шихаб әулетінің өкілдері басқарды. 1840 жылы Башир ІІ Шихаб тақтан кетіріліп, Ливан қайтадан түріктердің билігіне өтті. 1864 жылы Халықаралық комиссия (Франция, Ұлыбритания, Австрия, Пруссия, Ресей, Осман империясы) Ливан автономиясын жариялады. 1920 жылы Францияның мандаттық жүйесі орнады.
1926 жылы Ливан республика болып жарияланып, конституцияға сәйкес ел президенті — христиан-маронит, үкімет басшысы мұсылман-шиит, парламент төрағасы — мұсылман-сүннит болуы тиіс деп шешілді. 1943 жылы 22 қарашада тәуелсіздік алғаннан кейін елдің ішкі жағдайында саяси, мәдени деңгейдегі қайшылықтар орын алды. Ливан 1948–1967 жылдары аралығындағы араб-израиль соғыстарына қатысты. 1975 жылы мұсылмандар мен христиандар арасында қарулы қақтығыс басталып, ол азамат соғысына ұласты. 1982 жылдан Израиль Ливан аумағының біраз бөлігін басып алды. 1983 жылдың маусым айында Израиль тікұшақтары Бейрут пен Палестинаны азат ету ұйымының базалары орналасқан аймақтарды бомбалады. Халықаралық ұйымдардың талабымен 1999 жылы Израиль Оңтүстік Ливаннан өз әскерін әкетуге мәжбүр болды. 2003 жылы Ливанда Қазақстанның консулдығы ашылды. Ливан мен Қазақстан арасында мәдени, ғылыми байланыстар орныққан.
Экономикасы
өңдеуЛиван — өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы төмен дәрежеде дамыған ел болса да, қаржы-банк, тұрмыстық қызмет салалары біршама жақсы жолға қойылған. Бейрут — Таяу Шығыстағы ең ірі банк орт-тарының бірі. Ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығы мен елдің оңтүстігіне Израиль тарапынан жасалған қарулы шабуылдар экономикалық жағдайдың төмендеуіне әсер етті. Ауыл шаруашылық өнімдері ұлттық табыстың 30%-ын құрайды. Сыртқа көкөніс пен жеміс-жидек, темекі, мата, әшекей бұйымдар шығарады. Импортының негізін электр жабдықтары, машиналар, мұнай, металл, тұтыну тауарлары құрайды. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 5 470 АҚШ долларына тең (1994). Басты сауда серіктестері — Сирия, Кувейт, Италия мен Біріккен Араб Әмірліктері.
Халқы
өңдеуЛиванның халқы — салыстырмалы түрде жас әрі сауатты. Халқының жалпы саны 4 257 405 адамды құрайды. Бұл елде мұсылмандар, христиандар, дуздар мен еврейлер т.б. тұрады.
Діні
өңдеуЛиван халқы әубастан-ақ әр түрлі этникалық топтардан құралады. Қазіргі кезде бұл елде сунниттік және шииттік ислам ағымынын ұстанушылар, маронит христиандары, католиктер, дуздар және тағы басқа көптеген ағым өкілі тұрады. Ливан - ежелгі финикийлердің отаны. Қазіргі кезде мұсылмандар - 59,7%, христиандар 39%, және басқа дін ағымын ұстанушылар 1,3%.
Тілі
өңдеуЛивандықтардың ресми тілі, бірақ тұрғындардың басым көбі ағылшын және француз тілдерінде сөйлейді. Француз тілі жартылай ресми тіл болып саналғандықтан халықтың 20%-ы оны күнделікті қарым-қатынаста қолданады. Француз тіліне мұндай өкілеттілікті Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлттар лигасы берген.
Ливан тағамдары
өңдеуЛиван ас мәзірі Таяу Шығыстағы озық тағам үлгілерінің қатарына жатады. Ливанлықтар тағам әзірлегенде қрахмалды мол пайдаланады. Сондай-ақ жеміс-жидек, көкөністер мен балықты көп жейді. Карли, зәйтүн майы, көк шөптер мен лимон шырыны түрлі мәзірлерге қосылады. Ливандықтар балапан мен қозы етін жиі тұтынады.
Дереккөздер
өңдеу
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |