Мазмұнға өту

Амбистомалар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
03:10, 2016 ж. сәуірдің 10 кезіндегі Kmoksy (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)

Амбистомалар (лат. Ambystomatіdae) – құйрықты қосмекенділердің тұқымдасы.

Саламандраға ұқсас 4 туыс 35 түрі Солтүстік Америкада кездеседі. Ересектері су жағалауында ылғалды ормандарда кейбір өкілдері топырақта және ағаштарды мекендейді. Қоректері омыртқасыз жануарлар. Ұрықтануы іштей. Аналықтары 50-500 жұмыртқа салады, көбінде суға. Дернәсілдерінің денесінің сыртында тарам-тарам болып желбезектері орналасқан суда өсіп жетіледі, жыныс кемеліне құрғақта жетеді. Көп кездесетін түрлері жолбарыс амбистомасы (A. tigrium) ұзындығы 28 см балаңқұрты аксолотль деп аталады және ол өсіп өне алады(неотония). Неотония басқа түрлерінде де кездеседі. 5 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енгізілген.[1]

Кейде Амбистомаларды жеке отряд ретінде қарастырады. Солтүстік және Орталық Американың су айдындарында тіршілік ететін 30-ға жуық түрі белгілі. Жиі кездесетін түрі – жолбарыс амбистомасы (Ambіstoma tіgrіnum). Амбистомалардың денесі ұзындығы 15 – 23 см, терісі жылтыр, терісінде денесін тігінен бірнеше буылтықтарға бөліп тұратын сайшалар кездеседі. Құйрығы жуан әрі құйрығында терілі өскіндер болмайды. Денесінің түсі қоңырқай әрі онда ұсақ ашық түсті дақтар бар. Амбистомалардың дернәсілін аксостиль (жәндіктердің бүкіл денесін бойлай өтетін тығыз, майысқақ арқау) деп атайды. Бұларда неотения құбылысы (кейбір омыртқасыздардың дернәсілдік даму сатысында жыныстық жағынан ерте жетіліп көбеюі) байқалады. Мұндай дернәсілдер ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нысаны болып саналады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
  2. Қазақстан Республикасының табиғаты, 7 том;