Мазмұнға өту

Адель Голдберг (бағдарламашы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Адель Голдберг
Adele Goldberg
Туған күні

7 шілде 1945 (1945-07-07) (79 жас)

Туған жері

Кливленд, Огайо, АҚШ

Ғылыми аясы

Компьютерлік ғылымдар

Жұмыс орны

Xerox PARC, Есептеу техникасының қауымдастығы, Стэнфорд университеті, ParcPlace Systems, Neometron

Ғылыми дәрежесі

Философия докторы(PhD)

Альма-матер

Мичиган университеті, Чикаго университеті

Марапаттары


ACM Software System Award(1987)

Адель Голдберг (ағылш. Adele Goldberg, 7 шілде 1945, АҚШ, Огайо, Кливлендте дүниеге келген) — информатика саласының ғалымы, объектіге-бағытталған бағдарламалау, графикалық интерфейстер саласындағы жұмысымен және Smalltalk бағдарламалау тілін дамытумен танымал болған.

Голдберг Огайо штатындағы Кливленд қаласында еврей отбасында дүниеге келген, әкесі инженер, анасының математикалық білімі бар және мектепте жұмыс істеген[1]. Оның 14 жасында отбасы Чикагоға қоныстанады. Мичиган университетінде математика бакалавры дипломын, Чикаго университетінде ақпараттық ғылымдар магистрі дипломын және PhD дәрежесін алды.

1973 жылдан бастап Голдберг Xerox PARC-те (Xerox Palo Alto Research Center) жүйелік тұжырымдамалар зертханасында (System Concept Library) жұмыс істеді[2], кейіннен осы зертхананы өзі басқарды. Ол Smalltalk—алғашқы объектіге бағытталған бағдарламалау тілін жасаған топтың негізгі мүшелерінің бірі болды.

Адель Голдберг объектіге бағытталған бағдарламалаудың пайда болуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосты. Голдберг Алан Кэймен бірге қазіргі уақытта объектіге бағытталған бағдарламаларда кеңінен қолданылатын шаблондардың прекурсорлары болған дизайн шаблондарымен жұмыс істеді. Голдберг және оның командасы PARC-да графикалық интерфейстердің негізі болатын көптеген тұжырымдамалар жасады.

1988 жылы Голдберг Smalltalk-та[3] қосымшаларды әзірлеу құралдарын жасаумен айналысатын "Parcplace Systems" компаниясын құру үшін PARC-тен кетті. Адель Голдберг Smalltalk коммерциализациясында жетекші рөл атқарды және осы тіл туралы бірқатар кітаптар жазды.

1984 жылдан 1986 жылға дейін Голдберг ЕТҚ (Есептеу техникасы қауымдастығының) президенті болды. 1987 жылы ол "ACM Software System Award" сыйлығымен марапатталды. Ол сондай-ақ Forbes Twenty Who Matter тізіміне енгізілді.

1999 жылы ол қазіргі күнде жұмыс істейтін Neometron интернет-қолдау компаниясын құрды. Сонымен қатар, Голдберг компьютерлік ғылымдар бойынша курстар құрып, білім беру қызметін жалғастырады. Ол, сонымен қатар, ғылыми және білім беру мақсаттары үшін мультимедиялық бағдарламалық жасақтама жасаушы Cognito Learning Media кеңесінің мүшесі болып табылады.

Жарияланымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Smalltalk-80: The Language and Its Implementation (with David Robson), Addison-Wesley, 1983, ISBN 0-201-11371-6 (қазіргі уақытта басып шығарылмайды; Smalltalk-пен жұмыс істейтін адамдарға "көк кітап" ретінде белгілі)
  • Smalltalk-80: the Interactive Programming Environment, Addison-Wesley, 1984, ISBN 0-201-11372-4 («қызғылт сары кітап»)
  • Smalltalk-80: The Language (with David Robson), Addison-Wesley, 1989, ISBN 0-201-13688-0 ("күлгін кітап" - "көк кітап» деп қайтадан өңделген)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]