Алтын доп (France Football)
Алтын доп | |
---|---|
Шынайы атауы | фр. Ballon d'Or |
Мемлекет | Франция |
Соңғы иегері | Кәрім Бензема |
Барынша ұсынылған | Лионель Месси (8 рет) |
Сайты | francefootball.fr |
«Алтын доп» (фр. Ballon d'Or, французша айтылуы: [balɔ̃ dɔʁ] ) — француздық France Football журналы күнтізбелік жылдың үздік футболшысына беретін жыл сайынғы футбол жүлдесі.[1] "Алтын допты" алғашқы тапсыру марапаты 1956 жылы өтті. 2010 жылы France Football мен ФИФА арасындағы келісім нәтижесінде "ФИФА Алтын добы" атты жаңа марапат пайда болды. Ол "ФИФА жыл ойыншысы" марапаты сияқты France Football-дан "Алтын доп" беру тоқтатылды. 2016 жылы France Football мен FIFA серіктестігі тоқтатылды, сондықтан France Football "Алтын доп" жүлдесін беруді қайта бастады.[2][3]
1956 жылдан 2006 жылға дейін "Алтын допты" табыстау футбол журналистері арасында дауыс беру жолымен өтті, 2007 жылдан бастап ұлттық құрамалардың жаттықтырушылары мен капитандары дауыс беру құқығына ие болды. Бастапқыда "Алтын доп" тек еуропалық ойыншыларға берілді, бірақ 1995 жылы оны тапсыру кез-келген ұлттың футболшысы үшін мүмкін болды, егер ол еуропалық клубта өнер көрсеткен болса.[4] 2007 жылдан бастап "Алтын допты" бүкіл әлемдегі кез-келген кәсіби футболшы ала алады.[5]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]"Алтын доптың" алғашқы иегері "Блэкпул" клубының ойыншысы Стэнли Мэтьюз болды.[6] Бастапқыда журналистер еуропалық клубтарда ойнайтын еуропалық ойыншыларға ғана дауыс бере алды, сондықтан Диего Марадона мен Пеле сияқты аңыз футболшылар бұл марапатты ала алмады.[6] 1995 жылы ережелер өзгерді: енді кез-келген ұлттың футболшылары, егер олар еуропалық клубта ойнаса, марапатты ала алады. Сол жылы бұл марапатты алғаш рет Еуропадан емес, "Милан" ойыншысы Джордж Веа жеңіп алды.[4] 1997 жылы Роналдо "Алтын доп" иегері атанып, жүлдені алған бірінші бразиялық болды.[4] 2007 жылы ережелер қайтадан өзгерді: енді әлемнің кез-келген клубында ойнайтын кез-келген ұлттың ойыншысы "Алтын доп" иегері бола алады. Осыған байланысты жеңімпазды анықтайтын журналистер саны да артты: Еуропадан келген 52 журналистен бүкіл әлемнен 96 журналистке дейін, олар марапатқа үміткер бес футболшыны анықтайды.[5] Ұлттық құрамалардың жаттықтырушылары мен капитандары да өз дауыстарын беру құқығына ие болды. Көбінесе "Алтын допты" неміс футболшылары алды: Германиядан бес ойыншы жеті "Алтын доп" жеңіп алды. Ал 1963 жылы Лев Яшин бұл жүлдені жеңіп алған жалғыз қақпашы.
2010 жылы "Алтын доп" және "ФИФА жыл ойыншысы" марапаттары "ФИФА Алтын добына" біріктірілді. Мұндай жүлденің алғашқы иегері Лионель Месси болды.[7] 2016 жылдың қыркүйегінде ФИФА France Football-мен серіктестігін тоқтатты. Содан бері марапат тағы да "Алтын доп" деп аталады және France Football журналымен беріледі.[8] "Алтын доп" сыйлығын ең көп, үш рет бес футболшы алды: Йохан Кройф, Мишел Платини, Марко ван Бастен, Криштиану Роналду және Лионель Месси (Платини — бұл марапатты үш жыл қатарынан алған жалғыз адам, 1983 жылдан 1985 жылға дейін[9]). "Алтын доп" және "ФИФА Алтын добы" жүлделерін Лионель Месси сегіз рет жеңіп алды. Сонымен қатар, Месси бұл марапаттарды төрт жыл қатарынан, 2009 жылдан 2012 жылға дейін алған жалғыз адам.
2020 жылы тарихта алғаш рет "Алтын доп" берілмеді, өйткені COVID-19 пандемиясына байланысты ірі халықаралық жарыстар, соның ішінде Еуро-2020 тоқтатылды және бірқатар ұлттық чемпионаттар мерзімінен бұрын аяқталды немесе тоқтатылды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Tradition helps the high standing of the Ballon d'Or (ағыл.). AS (9 қазан 2018). Тексерілді, 25 сәуір 2021.
- ↑ Messi, Ronaldo, and the Politics of Celebrity Elections: Voting for the Best Soccer Player in the World (ағыл.). cambridge.org (26 шілде 2019).
- ↑ Ballon d’Or scandal as player drops bombshell and claims his votes were changed to Lionel Messi and Cristiano Ronaldo (ағыл.). sportbible.com (2 наурыз 2023).
- ↑ a b c The 1990s Ballon d'Or winners (ағыл.). BBC Sport (1 желтоқсан 2008). Тексерілді, 25 сәуір 2021.
- ↑ a b Kaka wins 2007 award (1 желтоқсан 2008). Тексерілді, 25 сәуір 2021.
- ↑ a b Matthews wins first Golden Ball (ағыл.). BBC Sport (1 желтоқсан 2008). Тексерілді, 25 сәуір 2021.
- ↑ The FIFA Ballon d’Or is born. FIFA (5 шілде 2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 желтоқсан 2010.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Voici les nouvelles règles et les nouveaux aménagements du Ballon d’Or France Football. France Football (19 қыркүйек 2016). Тексерілді, 25 сәуір 2021. (фран.)
- ↑ Ronaldo joins legendary list (ағыл.). BBC Sport (1 желтоқсан 2008). Тексерілді, 25 сәуір 2021.