Борис Николаевич Ельцин
Борис Николаевич Ельцин орыс. Борис Николаевич Ельцин | ||||
Борис Ельцин, 1997 | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
10 шілде 1991 жыл — 31 желтоқсан 1999 жыл | ||||
Вице-президент | Александр Руцкой (1991–1993) лауазым ыдыратылды (1993 бастап) | |||
Ізашары | лауазымы ұйымдастырылған, өзі (РКФСР Жоғарғы Кеңесінің басшысы ретінде) | |||
Ізбасары | Владимир Путин | |||
| ||||
6 қараша 1991 жыл — 11 маусым 1992 жыл | ||||
Ізашары | Иван Силаев | |||
Ізбасары | Егор Гайдар (уақытша, лауазымды ресми түрде алмаған) Виктор Степанович Черномырдин | |||
| ||||
1 қаңтар 1994 жыл — 15 маусым 1999 жыл | ||||
Ізашары | лауазым ұйымдастырылған | |||
Ізбасары | Владимир Путин | |||
| ||||
16 наурыз 1992 жыл — 18 мамыр 1992 жыл | ||||
Ізашары | Константин Кобец | |||
Ізбасары | Павел Грачёв | |||
| ||||
29 мамыр 1990 жыл — 10 шілде 1991 жыл | ||||
Ізашары | Николай Грибачёв | |||
Ізбасары | Руслан Хасбулатов | |||
| ||||
1 шілде 1985 жыл — 18 ақпан 1986 жыл | ||||
| ||||
24 желтоқсан 1985 жыл — 11 қараша 1987 жыл | ||||
Ізашары | Виктор Гришин | |||
Ізбасары | Лев Зайков | |||
| ||||
2 қараша 1976 жыл — 18 сәуір 1985 жыл | ||||
Ізашары | Яков Рябов | |||
Ізбасары | Юрий Петров | |||
Өмірбаяны | ||||
Партиясы | КОКП (1961–1990) Партиясыз (1990–2007) | |||
Білімі | С.М. Киров атындағы Орал политехникалық институты | |||
Мамандығы | құрылысшы-инженер | |||
Азаматтығы | КСРО→ Ресей | |||
Діні | Православ христиандығы | |||
Дүниеге келуі | 1 ақпан 1931 Бутка, Бутка ауданы, Орал облысы, РКФСР, КСРО | |||
Қайтыс болуы | 28 сәуір 2007 (76 жас) Мәскеу, Ресей | |||
Жерленді | Новодевичье зираты | |||
Әкесі | Николай Игнатьевич Ельцин | |||
Анасы | Клавдия Васильевна Старыгина | |||
Жұбайы | Наина Ельцина (тумасында Гирина) | |||
Балалары | қыздары Елена (1957 ж.т.) мен Татьяна (1960 ж.т.) | |||
Әскери қызметі | ||||
Қызмет еткен жылдары | 19??–2000 | |||
Әскер түрі | КСРО | |||
Атағы | Полковник | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
Борис Николаевич Ельцин (Орысша айтылуы: [bɐˈrʲis nʲɪkɐˈla(j)ɪvʲɪtɕ ˈjelʲtsɨn], ( оқылуы ); 1 ақпан 1931, Свердловск облысы — 23 сәуір 2007, Мәскеу) — кеңестік және ресейлік саясаткер, 1991–1999 жылдары — Ресей Федерациясының тұңғыш президенті. 1961–1990 жылдары КОКП мүшесі болған Ельцин 1990 жылдан бастап партиясыз болды. Оның саяси көзқарасын жиі либералды және ұлтшыл деп сипатталады.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1 ақпан 1931 жылы Орал облысының Бутка ауылында (қазіргі Свердловск облысының Талицкий ауданында) дүниеге келді. Ельциннің өзінің мемуарына сүйенсек, раскулачивание саясатының нәтижесінде құқығынан айырылған шаруалар отбасында өсті. Буткада дүниеге келгенімен, Ельцин Басмановское ауылына жақынырақ болды, деді Ельциннің биографы Борис Минаев.
1955 жылы Орал политехникалық институтын бітіргеннен кейін, Свердловск қаласындағы құрылыс трестерінде шебер, прораб, аға прораб, бас инженер, құрылыс бастығы болып қызмет істеген.
1968 жылдан Свердловск облысы партия комитетіне жұмысқа шақырылып, 1976–1985 жылдары аралығында оның 1-ші хатшылығына сайланды.
1985 жылдың сәуір айынан бастап КОКП ОК-нің аппаратына ауыстырылып, құрылыс бөлімінің меңгерушісі, КОКП ОК-нің хатшысы (1985 — 86), Мәскеу қалалық партия комитетінің 1-ші хатшысы (1985 — 87) қызметтерінде болды.
1987 жылы қараша айында өткен пленумнан кейін орнынан алынып, екі жыл мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының 1-ші орынбасары, КСРО министрі дәрежесіне төмендетілді. 1990 жылы өткен сайлауда РКФСР халық депутаты болып, мамырдың 29-ында өткен РКФСР халық депутаттарының 1-ші съезінде РКФСР Жоғарғы Кеңесінің төрағалығына сайланды. КОКП 28-ші съезінде жария түрде партия қатарынан шықты.
1991 жылы 12 маусымда өткен Ресейдегі тұңғыш президент сайлауында жеңіске жетті. Тарихи тамыз бүлігін (19–21 тамыз, 1991) басуда шешуші рөл атқарып, Кеңес Одағының ыдырауын, оны ұстап тұрған жетекші партия КОКП-ны биліктен аластауды жеделдетті.
1991 жылы 8 желтоқсанда өткен Беловеж келісіміне Беларусь, Украина республикалары басшыларымен бірге қол қойып, Кеңес Одағының ыдырауын рәсімдеді. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының, Кеден одағының негізін қалауға үлес қосты. Ресей президенті қызметін атқарған жылдары бірнеше рет ресми сапармен Қазақстанда болып қайтты. Екі жақты қарым-қатынасты дамытуға сіңірген еңбегі үшін 1998 жылы ол Қазақстанның ең жоғары марапаты "Алтын Қыран" орденімен марапатталды. Ресейде 1996 жылдың 3-ші шілдесінде өткен кезекті президент сайлауында қайта сайланды. 2000 жылы 1 қаңтардан бастап президенттіктен өз еркімен кетті.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шығ.: Исповедь на заданную тему, М., 1990; Записки президента, М., 1993.
|