Денис Анатолійович Шмигаль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Денис Шмигаль
укр. Денис Шмигаль
Денис Анатолійович Шмигаль
Шмигаль, 2024 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Украинаның 18-премьер-министрі
Ту
Ту
4 наурыз 2020 жылдан бері
Президент Володимир Зеленський
Ізашары Олексій Гончарук
Ту
Ту
Өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі
Ту
Ту
4 ақпан 2020 — 4 наурыз 2020
Премьер-Министр Олексій Гончарук
Ту
Ту
Ивано-Франковск облысының губернаторы
Ту
Ту
1 тамыз 2019 — 5 ақпан 2020
Президент Володимир Зеленський
Премьер-Министр Володимир Гройсман
Олексій Гончарук
Өмірбаяны
Партиясы партиясыз
Білімі "Львов политехникасы" ұлттық университеті
Дүниеге келуі 15 қазан 1975 (1975-10-15) (49 жас)
Львов, Львов облысы, Украин КСР, КСРО
Жұбайы Катерина Шмигаль
Балалары 2
Марапаттары
Денис Шмигаль Ортаққорда

Денис Анатолійович Шмигаль (15 қазан 1975 жыл, Львов) — украиналық саяси қайраткер, кәсіпкер, 2020 жылдан бері елдің премьер-министрі.[1] Экономика ғылымдарының кандидаты (2003).[2]

Премьер-министр ретінде Шмигаль Украинадағы коронавирус пандемиясына жауап беруіне және Ресеймен соғыс барысындағы Украинаға жауапты болды.

Шмигаль бұрын Өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі (2020) және Ивано-Франковск облысының губернаторы (2019–2020) қызметінде болған.

Отбасы және білімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Денис Шмигаль Анатолій Іванович пен Іріна Феліксовна[3] отбасында 1975 жылғы 15 қазанда дүниеге келді.[4]

1997 жылы Шмигаль «Львов политехникасы» ұлттық университетінде білім алған. 2003 жылдан бері ол — экономика ғылымдарының кандидаты.[4]

Кәсіпкерлік мансабы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1997 жылы оқуын бітіргенінен бастап 2005 жылғы қыркүйекке дейін Шмигаль түрлі компанияларда есепші болды. 2005 жылдың қыркүйегінен 2006 жылдың маусымына дейін Шмигаль «LA DIS» деп аталатын компанияның бас директорының орынбасары болды.[5] 2006 жылдың маусымынан 2008 жылдың тамызына дейін «Comfort-Invest» инвестициялық компаниясының директоры болды. 2008 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың қыркүйегіне дейін Шмигаль «ROSANINVEST LLC» компаниясының бас директоры болды.[5]

Шмигаль 2009 жылдан 2013 жылғы желтоқсанға дейін Украинаның Львов облысында бірнеше жетекші саяси рөлдерде жұмыс істеді: 2009–2011 жылдар аралығында Львів облысы әкімшілігінің экономика бөлімінің меңгерушісі.[5]

Ол сол жерде Олег Немчіновпен кездесіп, жұмыс істеді. Шмигаль 2020 жылы Немчіновты Министрлер Кабинетінің хатшысы болып тағайындалған.[6] Содан кейін Шмигаль 2012 жылы экономика және өнеркәсіптік саясат бөлімінің бастығы болды. 2013 жылы Экономикалық даму, инвестиция, сауда және өнеркәсіп басқармасының басшысы болды.[5]

2014 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін Шмигаль Кіріс және алымдар министрлігінің Львов облыстық аймақтық басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.[5]

2014 жылғы парламент және 2015 жылғы губернаторлық сайлауларға қатысты, бірақ жеткілікті дауыс жинай алмай, депутат бола алмады.[7]

Ол 2015 жылдан 2017 жылға дейін Львовтағы мұздатылған тауарларды таратушы ТВК Львівхолод вице-президенті қызметін атқарды.[1]

2018 жылдан 2019 жылға дейін Шмигаль Ивано-Франковск қаласындағы ең ірі электр энергиясын өндіруші болып табылатын және Рінат Ахметов иелігіндегі Бурштинь ЖЭС (укр.) директоры қызметін атқарды.[8] 2019 жылғы 1 тамыздан бастап министр болып тағайындалғанға дейін Шмигаль Ивано-Франковск облысының губернаторы болды.[9]

2020 жылғы 4 ақпанда ол Өңірлік даму министрі болып тағайындалды.

Шмигаль 2020 жылғы наурызда Украина премьер-министрі болып Олексій Валерійович Гончарукты ауыстырды.

2021 жылғы украиналық Фокус журналының санағы бойынша 7-ең ықпалды украин болды.[7]

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Денис Шмигаль Катерина Шмигальға үйленген, екі қызы бар.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Шмигаль Денис Анатолійович, к.ек.н. (2003); Прем'єр-міністр України (з 04.03.2020).  (укр.). Україна сьогодні. Тексерілді, 19 шілде 2023.
  2. НАУКОВЦІ УКРАЇНИ Wayback Machine мұрағатында
  3. Denys Shmyhal. pg (15 қазан 2022). Тексерілді, 19 шілде 2023.
  4. a b Шмигаль Денис Анатолійович  (укр.). Тексерілді, 19 шілде 2023.
  5. a b c d e f Шмыгаль Денис  (орыс.) (14 октября 2022). Тексерілді, 19 шілде 2023.
  6. Шмигаль і "його" команда. Як працює другий уряд Зеленського  (укр.). Українська правда.
  7. a b Шмигаль Денис Анатолійович  (укр.). Чесно қозғалысының ресми сайты.
  8. Хто такий Денис Шмигаль  (укр.). BBC (3 наурыз 2020). Тексерілді, 19 шілде 2023.
  9. УКАЗ ПРЕЗИДЕНТА УКРАЇНИ №574/2019  (укр.). Украина президентінің ресми сайты (1 тамыз 2019). Тексерілді, 19 шілде 2023.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]