Дүкен
Дүкен - байырғы кездегі темірші ұсталардың жұмыс істейтін және құрал-жабдықтарын сақтайтын үйі, ұстаханасы. Ондай үйді кей жерлерде көбінесе ұстаның қасиетті саналған көрігі тұратындығына байланысты көрік үй деп те атаған. Д. ретінде киіз үйді пайдаланса да, Д. аталып жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтарын түгел соның ішіне орнатады. Ертеректе Д. атауының то с және үстахана деген екі түрлі мағынасы болды.
Дүкен. М.А. Круковский, 1915. Кунсткамера цорынан (1919-395)
Дүкенге келіп жұмыс бастар алдында ұста дәрет алып, Дәуіт пайғамбарға сыйынып іске кіріседі. Ұста, зергерлер кейбір жағдайларда өз бұйымдарын есікті жауып алып, ешкімге көрсетпей жасаған. Өйткені олар жасап жатқан затты біреу-берміреу көріп қойса, ол бұйым (мысалы, қылыш, білезік т.б.) киесінен айырылып, қасиеті төмендейді деп түсінген. Дүкендегі керіктің «боғын» (қалдығын) сұрап алып, суға салып жуынса, шошыну мен денеге шыққан бөрткенге шипа болады деп санаған. Босанарда ауырып, шалық тиген әйелдерді ұста Дүкеніне әкеліп түнеткен, төске тәу еткізген.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |