Жоғалған ұрпақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Жоғалған ұрпақ (фр. Génération perdue, ағылш. Lost Generation) — Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар арасында қалыптасқан түсінік. Бұл көптеген жазушылардың лейтмотивіне айналды. Солардың ішінде: Эрих Мария Ремарк, Эрнест Миллер Хемингуэй, Луи-Фердинанд Селин, Анри Барбюс, Фрэнсис Скотт Фицджеральд және Джон О'Хара. Жоғалған ұрпақ - бұл майданға жастайынан аттанған, көбінесе мектепті бітірмеген, ерте қан төгіп бастаған жастар. Соғыстан кейін бұл адамдар күнделікті өмірге бейімделе алмай, ішімдікке әуес болып, өз-өзіне жиі қол жұмсаған. Кейбіреулері есінен адасып кеткен.

Терминнің шығу тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Терминді Гертруда Стайн бекіткен деп есептеледі. Кейіннен Эрнест Хемингуэйдің "Сенімен мәңгілік болатын мейрам" романы арқылы әйгілі болды. "Жоғалған ұрпақ" деп 1914-1918 жылдары майдандағы жас жауынгерлерді айтады. Соғыстан олар физикалық және моральдық тұрғыдан жараланған болып оралған. Оларды кейде "саналмаған соғыс құрбандары" деп те атайды.

1930-1931 жылдары Ремарк өзінің "Қайтып келу" (Der Weg zurück) романында Бірінші Дүниежүзілік соғыстан оралған сарбаздар туралы жазады. Олар жақсы өмір сүре алмайды, мәнсіздік, қатыгездік, өмірдің балшығын сезінеді.

Ремарк "Жоғалған ұрпақ" өкілдеріне сипаттама береді. Олар қатігез, батыл, сезімділік сезімдерден жоғары тұратын адамдар.