Лиза Қожаққызы Есбосынова
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Лиза Қожаққызы Есбосынова | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би |
Жұмыс орны |
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО |
Ғылыми дәрежесі |
Педагогика ғылымдарының магистрі |
Лиза Қожаққызы Есбосынова — 1978 жылы 3 маусымда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде туған. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Білімі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1995-1998 жж. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжін бітірген.
- 2004-2006 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген.
- 2012 жылы РФ-ның тестолог-ғалымы В.С.Аванесовтың авторлық курсынан өткен.
- 2012 жылы «ТОМЕР» орталығының оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері тақырыбындағы арнайы курсынан өткен.
- 2017 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ағылшын тілінде оқу мен жазу дағдылары курсынан өткен.
- 2017 жылы Мәскеу қаласындағы «MY ACADEMY» мектебінде Веб-аналитика бағыты бойынша білімін жетілдірген.
- 2019-2020 жж. Магистратура, «Болашақ» академиясы (Қарағанды қаласы).
Еңбек жолы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1998-2004 жылдары Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №170 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
- 2005-2009 жылдары Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназия директорының орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
- 2009-2010 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Қабілет» мектеп-гимназиясының оқытушысы;
- 2010-2014 жылдары Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушысы; оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік бөлім меңгерушісі;
- 2014-2017 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комиеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының оқу-әдістемелік бөлім басшысы
- 2017 -2018 жылдары Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы директорының орынбасары;
- 2018 жылдың шілдесінен «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ атқарушы директорының орынбасары
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес қазақ тілін оқытуға арналған типтік бағдарламасының, Қазтест» жүйесі бойынша жазылым бөлігінің құрастырушысы,
- «Асыл сөз» кешенінің, «Қазақ сөзі» (137, 500, 900, 1200, 1500 сөз) оқу құралдарының телавторы,
- «Әліпби» энциклопедиясының, Қазақстандағы этнос тілдерін оқытуға арналған «Мәтіндер жинағы» (А1, А2, В1,В2 деңгейлері) оқу-әдістемелік құралдарының құрастырушысы,
- бірнеше жинақтың редакциялық алқа мүшесі
Жетістігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Облыстық «Қазақ тілінің үздік оқытушысы-2011» байқауының бас жүлдегері;
- Қазақстан Республикасының Мәдениет және (ақпарат-2011ж.) спорт (2017ж.) министрлігі Тіл комитеті төрағасының Құрмет грамотасы (2011,2017,2018 ж.ж.);
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы (2016, 2017, 2018, 2019 ж.ж.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» кеуде белгісі (2019 жыл);
- «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020 жыл)
Бұл мақалада дереккөздер жетіспейді. Ақпарат тексерілуі керек немесе мақала жойылуға ұсынылады. Сіз бұл мақаланы өңдеп үлес қоса аласыз: ол үшін сенімді дереккөздерге сілтеме жасау керек. |