Нобель сыйлығы
Нобель сыйлықтары [1] (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.
Нобель сыйлықтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған:
- әдебиет (Швецияда 1901 жылдан беріледі);
- физика (Швецияда 1901 жылдан беріледі);
- химия (Швецияда 1901 жылдан беріледі);
- физиология немесе медицина (Швецияда 1901 жылдан беріледі);
- Бейбітшілік сыйлығы бүкіл әлемде бейбітшілікті күшейтуге іс-әрекеті үшін беріледі (Норвегияда 1901 жылдан беріледі);[2]
- Сонымен қатар, Нобельдің өсиетнамасынан тыс, 1969 жылдан бастап швед банктің бастамасымен экономика сыйлығы беріледі. Ол басқа да Нобель жүлделермен бірдей шарттарда марапатталды. Болашақта, Нобель қорының басқарма номинациялар санын көбейтпеу туралы шешім қабылдады.
Қазіргі уақытта Нобель сыйлығының шамасы 10 млн (шамамен 1,05 млн еуро немесе 1,5 млн $) швед кронын құрайды.
Әр лауреаттан «Нобельдік мемориалдық дәріс» деп аталатын сөз алуы талап етіледі, ол кейін Нобель қорымен арнайы көлемде жарияланады .
Нобель сыйлығының мөлшері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Нобель қоры 1900 жылы жеке тәуелсіз үкіметтік емес ұйым ретінде құрылды, оның бастапқы капиталы 31,6 млн швед кронасын (ағымдағы бағамен, бұл сома шамамен 1,65 млрд кронаға тең) құрады, ал ағымдағы доллардың бағамының (2012 жылдың жазы) тұрғысынан - шамамен $ 250 млн. Лауреаттарға төленген сыйлықақылар бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердiң пайызы есебінен төленген.
Бірінші сыйлықтар 150 000 кронаны (2009 жылғы бағалар бойынша 7.87 млн швед кронасы) болды. Қазіргі уақытта (2009) қордың капиталы 3 млрд 112 млн швед кронасын (шамамен 450 млн АҚШ доллары) құрайды, ал жүлделер 10 млн швед кронын құрайды [3], шамамен 1,4 млн АҚШ $ балама.
- 1992 жылы — 1,04 млн АҚШ $
- 2000 жылы — 0,9 млн АҚШ $
- 2003 жылы — 1,34 млн АҚШ $
- 2004 жылы — 1,46 млн АҚШ $
- 2005 жылы — 1,25 млн АҚШ $
- 2006 жылы — 1,45 млн АҚШ $
- 2007 жылы — 1,56 млн АҚШ $
- 2008 жылы — 1,25 млн АҚШ $
- 2009 жылы — 1,45 млн АҚШ $
- 2010 жылы — 1,5 млн АҚШ $[4]
- 2011 жылы — 1,4 млн АҚШ $
- 2012 жылы — 1,2 млн АҚШ $
- 2015 жылы — 950 мың АҚШ $
- 2016 жылы — 1,1 млн АҚШ $
- 2017 жылы — 1,1 млн АҚШ $
- 2019 жылы — 1,1 млн АҚШ $.
2012 жылы Нобель сыйлығының мөлшері 20 пайызға азайды - $ 1,1 млн дейін. Мұндай шешім 2012 жылдың маусым айында Нобель фондының басшылары кеңесінде қабылданған болатын. Басшылықтың ойы бойынша аталған шара ұйымның капиталының ұзақ мерзімде сарқылуын тежеуге мүмкіндік береді.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1900 жылы Нобель қоры жасалды – бастапқы капиталы 31 млн швед кронынан тұратын дербес, тәуелсіз, мемлекеттік емес ұйым. 1969 жылдан бастап Швед банкінің ынтасымен экономика бойынша да сыйлық сыйланатын болды. Одан кейін Нобель қоры номинация санын арттырмауды шешті.
Жыл сайын адам іс-әрекетінің келесі салалар бойынша жеткен жетістіктері үшін Нобель сыйлығы беріледі: Физика – 1901 жылдан бастап, Швеция Химия – 1901 жылдан бастап, Швеция Медицина және физиология – 1901 жылдан бастап, Швеция Экономика – 1969 жылдан бастап, Швеция Әдебиет – 1901 жылдан бастап, Швеция Әлемді қорғау – 1901 жылдан бастап, Норвегия
Нобель сыйлығының баламалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ғылымның көптеген салалары нобель сыйлығымен “қамтылмай” қалды. Нобель сыйлығының беделді және танымалдығына сәйкес, басқа салаларда ең беделді марапаттауды бейресми түрде Нобельдік деп атайды.
Математика және информатика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алғашында Нобель математиканы сыйлық берілетін ғылым салаларының тізіміне қосты да, кейінірек оны әлем сыйлығымен алмастырып, сызып тастады. Анық себебі белгісіз; көбінесе оны швед математигінің атымен байланыстырады, сол уақыттағы швед математикасының озаты Миттаг-Леффлер, оны Нобель Стокгольм Университеті үшін қайырымдылықты мазасыз сұрағандықтан жақтырмай қалған болатын. Екінші болжам бойынша Нобель Софья Ковалевскаяны жақсы көрген, ал ол Миттаг-Леффлерді таңдады. Сонымен қатар мынадай болжам да бар, Нобель сыйлықты тек адамзатқа нақты және көрнекті пайдасын тигізетін жетістіктерге бермек болған, ал математика жетістіктері, әлеуметтің көзқарасы бойынша, мұндайға жатпайды.
Математика бойынша нобель сыйлығының “баламалары” болып Филдстық сыйлық және Абелевтық сыйлық жатады, информатика саласында – Тьюринг сыйлығы жатады.
Экономика
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бейресми түрде бұлай Альфред Нобельдің құрметіне Швеция Банкінің экономикалық ғылымдағы сыйлықтарын атайды. Экономика саласы бойынша ең беделді сыйлық болып табылады. Нобель сыйлығымен марапаттау салтанаттарында берілетін басқа сыйлықтардан ерекшелігі, бұл сыйлыққа қаржы Альфред Нобельдің мұрасынан бөлінбейді, оның өсиетнамасында экономика аталған жоқ. Сондықтан, бұл сыйлықты “шынайы нобельдік” деп санау дискуссиялық сұрақ болып табылады. Бұл сыйлық 1969 жылы Швед Банкімен оның 300-жылдығына орай қабылданды. Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты 12 қазанда жарияланады; барлық сыйлықты беру салтанаты Стокгольмде жыл сайын 10 желтоқсанда өтеді.
Сыйлыққа сынау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Іс жүзіндегі өсиетнамаға сәйкессіздік
Нобель өсиетнамасы бойынша сыйлық берілетін жылы болған жаңалықтар, жетістіктер үшін сыйлық берілуі керек болған. Бұл іс жүзінде сақталмайды.
Табиғи-ғылымдық сыйлықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көптеген ғалымдар олардың жаңалықтары мен ашылымдарына сыйлық берілу үшін “ уақыт сынағынан” өткенше, қайтыс болды. Сонымен қатар сыйлықтардың бір ғылыми мектептердің өкілдеріне берілетіні байқалды.
Қоғамдық сыйлықтар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]XX ғасырдың басынан-ақ сыйлық лауреаттарының ресми сынақтарға сәйкестігі жөнінде сұрақ қарастырылды. Жекелеп алғанда, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаттарының арасында бүкіләлемге танымал авторлармен қатар танымалдықты олардың қоғамдық және саяси іс-әрекеттерінің арқасында алған жазушылар да кездеседі. Әлемнің нобель сыйлығында да осындай жағдай бар, кейбір тұлғаларға (атап айтқанда Кофи Аннан, Ясир Арафат) берілуі халықтың түсініспеушілігін тудырды. Әдебиет бойынша номинациялар да сондай бір құпиялықпен қапталған, өйткені номинаттардың өздері қандай өзгеріс жасағандарын білмейді. Осылайша әлемдік МАҚ Ресейден Константин Кедров және Белла Ахмадуллина ақындарының номинациясы туралы ақпаратты жіберіп алды, бірақ ешкім ақындардың өздерінен номинацияға рұқсаттарын сұраған жоқ.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
- ↑ Нобель сыйлығының ақшалай баламасы. Анықтамалық
- ↑ Долларға швед кронының кросс-бағамы динамикасы. Анықтамалық Мұрағатталған 29 желтоқсанның 2010 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |