Органикалық дүние

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Органикалық дүние – Жер бетінде тіршілік етіп, жойылып кеткен және осы кезде тіршілік етіп жатқан организмдердің жиынтығы. Ресми деректер бойынша қазіргі кезде саңырауқұлақтардың 100 мыңнан астам, өсімдіктердің 500 мыңдай, жануарлардың 2 млн-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Палеонтолог ғалымдардың мәліметтеріне қарағанда жойылып кеткен организмдердің тек 0,01%-ының ғана қаңқа қалдықтары сақталған. Тірі организмдерді құрылыс ерекшеліктеріне қарай алғаш рет өсімдіктер мен жануарлар деп бөлген грек ойшылы Аристотель, оның шәкірті Теофраст болды. Тірі организмдерді жүйелеуде К.Линнейдің, Ж.Ламарктің, Э.Геккельдің еңбектері зор. Ал өсімдіктерді жіктеуде көбінесе орыс ғалымы А.Л. Тахтаджян (1910 ж. т.) ұсынған жүйелік топтар пайданылады.

Тірі организмдерді жүйелеуде қазіргі кезде ең жоғары жүйелік топимперия деген ұғым қолданылады. Қазір осындай 2 империя бар:

  1. клеткалық құрылысы айқын емес организмдер (Прокариоттар)
  1. клеткалық құрылысы айқын организмдер (Эукариоттар).

Органикалық дүние бірнеше тіршілік деңгейлерінен құралады. Ең қарапайым тіршілік деңгейімолекулалық, ал ең үлкен тіршілік деңгейібиосфералық деңгей деп аталады. Органикалық дүниенің эволюциялық даму барысында ең жоғары, ең соңғы сатыда тұрғаны – саналы адам (Homo sapіens). Тірі организмдердің қазіргі биосфералық дамуы ноосфера деңгейіне көтерілгендігін дүниежүзі ғалымдары мойындайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том