Синдесмология
Синдесмология (syndesmologia, грек, syn — байланыс, desmos — байлам, logos — ілім) — сүйектер байланыстары туралы ілім.
Адам мен жануарлар қаңқаларында сүйектер байланыстарының екі түрі ажыратылады:
- Сүйектердің тұтаса байланысы
- Буынды байланыс.
Тұтаса байланыс кезінде, сүйектер бір-бірімен өзара әр түрлі ұлпалар арқылы байланысады:
- Бұлшықеттік байланыс (синсаркоз)
- Серпімді (эластикалық) ұпалық байланыс (синэластоз)
- Дәнекер ұлпалық байланыс (синдесмоз)
- Шеміршектік байланыс (синхондроз)
- Сүйектену (синостоз).
Буынды байланысуда сүйектер аралығында қоймалжың сұйыққа толған буын қуысы және оны сыртынан қаптайтын буын қапшығы болады. Буындар құрылысына қарай қарапайым және күрделі болып екі топқа бөлінеді. Сүйектердің тұтаса байланыстарының түрлері көбінесе біліктік қаңқада, ал буынды байланыстар қол мен аяқ қаңқаларында кездеседі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |