Уильям Гершель
Уильям Гершель | |
---|---|
| |
туған |
1738 ж. қарашаның 15 |
Қайтыс болды |
1822 ж. тамыздың 25 |
Этникалық тобы | еврей |
Уильям Гершель (ағылш. Frederick William Hershel, нем. Friedrich Wilhelm Herschel) (1738 ж. қарашаның 15, Ганновер — 1822 ж. тамыздың 25, Лондон маңындағы Слау елді мекені) — 18 ғ. британ астрономы (жұлдызшысы) және сазгері.
1783 ж. наурыздың 13-інде Уран ғаламшарын телескоппенен тауып ашты. 1789 ж. қыркүйектің Қоңырқайдың Мимас деген серігін, Уранның Титания менен Оберон серіктерін ашты.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кедей сазгердың баласы. Каролина Һершелдің ағасы, Джон Һершелдің әкесі. Әскери оркестріне гобойшы болып қызметке түсті. 1755 ж. полктың құрамында Һанноверден сол кеpде одақтас болған Ұлыбританияға жіберілді. 1757 ж. әскери қызметінен кетіп, тек ән-күймен айналысуға басталды.
Органшы болып істеген, Галифакстағы мектепте ән-күйден дәріс берген, кейін Бат деген ірі қалаға көшкен, оңда қоғамдық концерттерін жүргізген. Ән-күй теориясын зерттеп, математиканы оқуға басталды, ал математиканы оқып, өзіне оптика менен астрономиямен айналысуға жол ашты. Нәтижесінде жұлдызшы болып кетті.
1773 ж. үлкен телескопты сатып алуға қаражаты болмағандықтан, көбейтетін айналарын өзі жасап, телескоптарды қолдан жасауға бастайды. Оларды өзі пайдаланып, сатып жүруші еді де.
1783 ж. Уранды ашқаннан кейін, ғаламшарға Георг III-нің атын берген, бірақ ғаламшардың бұл атауы кең таратылмай, атауы Уран болып кеткен. Астрономияны сүйіп, ганноверлықтарға қамқор болушы да Ұлыбританияның патшасы Һершелге Патша Жұлдызшысы шенін беріп, оған бөлек зертханасын салуына қаржы берген.
1782 ж. бастап сіңлісі Каролинамен бірге телескоптарын жақсартып, жұлдыздарды зерттеген еді.
Телескоптарын жақсартып, айналарын диаметрін көбейтіп Һершел 1789 ж. өз кезіне сай ең үлкен телескопты жасай алды (негізгі фокустық қашықтығы 12 метр еді). Сол телескоппен жұмыс істеп, ьір ай ішінде-ақ, Һершел Қоңырқайдың Мимас пенен Энцелад деген серіктерін ашты. Кейін Һершел Уранның Титания менен Оберон деген серіктерін ашты.
Зерттеулер және үлесі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Зерттеулерінде, Һершел ғаламшарлардың серіктерін «аққан жұлдыздар» атап, «астероид» сөзін ғылымда алғаш рет пайдаланған еді. Жұлдыздардың жүйелерін тауып ашқан да Һершел еді.
Ал физикаға Һершелдің қосқан үлесі — инфрақызыл сәулесін ашылуы.
Һершелдің есімінде Айдағы, Қызылжұлдыздағы және Мимастағы кратерлер (шұңқырлар) атаған.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Wilhelm Herschel |
- 15 қарашада туғандар
- 1738 жылы туғандар
- Ганноверде туғандар
- 25 тамызда қайтыс болғандар
- 1822 жылы қайтыс болғандар
- Ұлыбритания астрономдары
- Ұлыбритания сазгерлері
- Ганновер тұлғалары
- Копли медалінің иегерлері
- Лондон корольдік қоғамының мүшелері
- Француз ғылым академиясының мүшелері
- Петербург ғылым академиясының құрметті түшелері
- Күн жүйесі ғаламшарларының серіктерін алғаш ашушылар
- Әуесқой астрономдар
- Галактикаларды алғашқы ашушылар
- Пруссия ғылым академиясының мүшелері
- Америка өнер және ғылым академиясы мүшелері
- Леопольдиндер мүшелері
- Рыцарлық мәртебемен марапатталған сазгерлер
- Корольдік астрономиялық қоғамның президенттері