Қазақша Уикипедия
Қазақша Уикипедия | |
URL | |
---|---|
Коммерциялық |
Жоқ |
Сайттың түрі |
Желілік энциклопедия |
Тіркелу |
Міндетті емес |
Тілі | |
Иемденуші | |
Ашылған уақыты | |
Мақалалар саны |
238 129 |
Беттер саны |
642 063 |
Өңдеулер саны |
3 395 365 |
Тіркелген қатысушылар саны |
160 986 |
Белсенді қатысушылар саны |
242 |
Администраторлар саны |
15 |
Тереңдігі |
15.2 |
Мақала саны бойынша орны |
49 |
Бұл мақаладағы кейбір мәлімет ескірген. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті мәліметті енгізіп Қазақша Уикипедияға үлесіңізді қосыңыз. Мәліметті жаңартқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. |
Қазақша Уикипедия (латынша: Qazaqşa Uikipediia) — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002 жылдың 3 маусымынан бастап істеп келеді[1].
Бұл Уикипедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен 2023 жылдың күзіне дейін жазылды: кириллица (Қазақстан, Ресей, Моңғолия)[2], төте жазу (Қытай, Иран)[2] және латын жазуы (Түркия).[2] Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінеді.
Қазақша Уикипедияда қазіргі уақытта 15 администратор бар.
«Қазақша Уикипедия» атауы қандай да бір мемлекетке немесе халыққа қатыссыз, тек қана мақалалардың жазылу тіліне ғана қатысты.
Негізгі статистикалық көрсеткіштер
Сандық
2024-жылдың қарашаның 9 күніне сәйкес Қазақша Уикипедияда 238 129 мақала бар. 160 986 қатысушы тіркелген, олардың 242 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 15 қатысушы администратор қызметін атқарады. Жалпы өңдеу саны - 3 395 365. Тереңдігі (бүгін): 15.2
Қазақша Уикипедия мақалалар саны жағынан 49-орында (9.11.2024 көрсеткіш)[4], алайда өңдеу саны жағынан әзірше 67-орында тұр (14.02.2022 көрсеткіш)[5].
Қазақша Уикипедия 1000 сөйлеушіге (қазақ тілінде) шаққандағы мақала саны бойынша (мың адамға 37.2-ден) 50-орында тұр (31 наурыз 2015. көрсеткіш)[6].
Сапалық
Мақаларға көп өңдемелер жасау жағынан бір мақалаға шаққанда 12.9 өңдемеден келіп 117-орында тұр (14.02.2022 көрсеткіш)[7].
Барлық Уикипедия тіл бөлімдерінде болу керек 1000 мақала санағында 24.82 индекспен 49-орында (05.03.2016 көрсеткіш)[8].
Келушілер саны
Айына орта есеппен қазақша Уикипедияның беттері 26.83 млн рет қаралады (күніне 894 мың, сағатына 37 мың, минутына 621, секундына 10)[10].
2022 жылдың қаңтар айында қазақша Уикипедия беттері 23 млн рет қаралған (күніне 741 мың, сағатына 30 мың, минутына 515 секундына 8,5).[11]
2022 жылдың қазан айында Қазақша Уикипедия беттері ең көп каралған (48.3 млн)[12]. 2022 жылдың қазан айында Қазақстан бойынша барлық Уикипедия бөлімдерін 98 миллион рет қараған[13]. Бұл дегеніміз Қазақша Уикипедия бөлімі Қазақстан бойынша Уикипедия бөлімдерін қарау бойынша 50% үлеске жақын.
Барлық Уикипедия бөлімдерінің арасында келушілер саны бойынша Қазақша Уикипедия 37-орында тұр (2016 жылдың қазанындағы көрсеткіш).[14]
Тарихы
Ағылшын тіліндегі 2001 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде. Қазақ тілді Уикипедия 2002 жылы пайда болды, бірақ оған алғашқы мақалаларды жазу 2005 жылдың сәуір айынан басталған болатын.
2011 жылдың 16 маусым күні Алматы қаласында Қазақша Уикипедиясының дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. “Wikibilim” қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы — "қазақ тіліндегі мақалалардың саны 16 желтоқсанға дейін 200 000 жетеді" — деді.
Тамыз айында белсенді редакторлар саны 232-ге дейін, ал мақала саны 70 000 жетті. "Мұндай қарқынды даму ешбір уики-қауымдастық тарихында болмаған" - деді Джимми Уейлс. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Уикипедия жобасын халық арасында жүргізгін насихат жұмысы үшін "WikiBilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы Әлемнің жыл уикипедияшысы (Global Wikipedian of the Year) деп танылды. Ал "WikiBilim" қоғамдық қорына Джимми Уейлстің түркі тілді Уикипедиялардың конференциясын ұйымдастыру үшін арнайы гранты табыс етілетіндігі жарияланды.
Мақалалар саны жағынан түркі тілдес Уикипедиялардың арасынан Қазақша Уикипедия Түрікше Уикипедиядан кейінгі екінші орын алады (бірінші орын 29.11.2012 - 25.12.2012).
Танылған қатысушылар тобы
- Уикимедиа қауымдастығының қазақтілді қолданушылар тобы 2020 жылдың 24 наурызында танылды (тіркелді).
Қатысушылар
- Уикипедия:Белсенді қатысушылар
- Уикипедия:Өңдеме саны бойынша қатысушылар
- Уикипедия:Бет бастауы бойынша қатысушылар
Конференция
Халықаралық Түркі тілдес Уикипедиялар конференциясы
2012 жылдың 20-21 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түркі тілдес елдер уикипедияшыларының конференциясы өтті. Шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Саха (Якутия) елдері уики-қауымдастықтарының, сонымен қатар «Wikimedia Foundation», «Creative Commons», «Open Software Foundation» секілді халықаралық қозғалыстар мен ұйымдардың және «Google» компаниясының өкілдері қатысты.[15]
Қазақ уикипедисы конференциясы
2023 жылы 2–3 қыркүйек күндері ЕҰУ-де Бірінші қазақ уики-конференциясы өтті.[16]
Логотиптер
-
ресми логотипі
-
100 000 мақала
-
2012 жылы сәуірдің 20-21 аралығында өткізілген түркі тілдес Уикипедиялардың конференциясына байланысты шыққан логотипі
-
200 000 мақала
-
Қазақша Уикипедияға 11 жыл
-
2 миллион өңдемеге арналған логотип
Қазақ Уикипедиясына құйылған кітаптар
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 - 50 000 мақала
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қазақ телевизиясы, Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. — Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Сөздік-Словарь». ISBN 9965-822-57-3
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- Тараз энциклопедиясы.
- Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009 жыл. ISBN 9965-34-934-7
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3
- ISBN 9965-09-033-5 Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл.
- Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ISBN 5-7667-8188-1 ISBN 9965-16-512-2
- Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
- Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
- Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сейітов, А. Абдулин. — Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4
- Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
- Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
- Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
- Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
- Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
- Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
- Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006 жыл. ISBN 9965-783-20-9
- Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
- Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006 жыл. ISBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
- ↑ a b First currently-kept Main Page of 3 june 2002. Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ a b c Олег Сидоров Казахская диаспора за рубежом — есть ли надежда на возвращение? (орыс.). Gazeta.kz (19 ақпан 2004). Тексерілді, 1 қараша 2010.
- ↑ Wikimedia Traffic Analysis Report - Page Edits Per Wikipedia Language - Breakdown (ағыл.). stats.wikimedia.org (8 қаңтар, 2015). Тексерілді, 20 қаңтар, 2015.
- ↑ Уикипедия:Уикипедиялар тізімі (күнделікті жаңартылады) (қаз.).
- ↑ List of Wikipedias per edits (күніне бірнеше рет жаңартылады) (ағыл.). Wikimedia META WIKI. Тексерілді, 14 ақпан, 2022.
- ↑ List of Wikipedias by speakers per article (ағыл.). Wikimedia META WIKI (31-03-2015.). Тексерілді, 28 қазан, 2016.
- ↑ List of Wikipedias by edits per article (ағыл.). Wikimedia META WIKI (14 ақпан 2022). Тексерілді, 14 ақпан 2022.
- ↑ List of Wikipedias by sample of articles (ағыл.). Wikimedia META WIKI (ай сайын жаңартылады). Тексерілді, 10 наурыз, 2016.
- ↑ Wikimedia Traffic Analysis Report - Page Views Per Wikipedia Language - Breakdown (ағыл.). stats.wikimedia.org (7 қыркүйек, 2016). Тексерілді, 27 қыркүйек, 2016.
- ↑ Wikimedia Statistics: Total page views ( (ағыл.)). stats.wikimedia.org (14 ақпан 2022). Тексерілді, 14 ақпан 2022.
- ↑ Wikimedia Statistics: Total page views (daily) (ағыл.). stats.wikimedia.org (14 ақпан, 2022). Тексерілді, 14 ақпан, 2022.
- ↑ Wikimedia Statistics: Total page views (daily) (ағыл.). stats.wikimedia.org (14 ақпан, 2022). Тексерілді, 14 ақпан, 2022.
- ↑ Wikimedia Statistics: Page views by country (monthly) (ағыл.). stats.wikimedia.org (14 ақпан, 2022). Тексерілді, 14 ақпан, 2022.
- ↑ Wikipedia Report Card: summaries for 50 most visited languages (ағыл.). stats.wikimedia.org (11 қазан, 2016,). Тексерілді, 5 сәуір, 2016.
- ↑ Түркі тілді Уикимедиа конференциясы (қаз.). Wikimedia META WIKI.
- ↑ Юзер-группа Сообщества Казахоязычных Викимедийцев/Мероприятия/Конференция - Meta (ағыл.).
Сыртқы сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Қазақша Уикипедия |
- Қазақша Уикипедия статистикасы
- Уикипедиялар тізімі
- Қазақша Уикипедияның мобильдік нұсқасы
- Қазақша Уикипедияның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы
Тағы қараңыз
|
|