Мазмұнға өту

Samsung Group

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Samsung GroupОңтүстік Кореядағы ірі өнеркәсіп концерннің бірлестігі болып табылады. 1938 жылы Кореяда негізі қаланған. Әлемдік нарықта жоғары технологиялық компоненттерді, телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды, тұрмыстық техникаларды, аудио және видео құрылғыларды өндіруші ретінде танымал [1].

«Самсунг» сөзі ((кор. 삼성, 三星, практикалық транскрипциия нормасына сәйкес сөздің анағұрылым дұрысырақ дыбысталуы — «самсон») корей тілінде «үш жұлдыз» мағынасын білдіреді. Бұл атау Samsung компаниясының негізін салушы Ли Бен Чхольдің үш ұлына байланысты болуы мүмкін. Кенже ұлы Ли Гон Хи мұрагерлік тұрғысынан отбасындағы жекеменшіктің басым бөлігін үлкен ұлы иемденеді деген бүкіл шығыс дәстүрін бұзып, компанияны 2008 жылдың сәуір айына дейін басқарған.

Компанияның миссиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Біз жоғары сапалы тауар жасау мен қызмет көрсету үшін қоғамның жаһандану жағдайының жақсаруына өз үлесімізді қоса отырып, компанияның адами және технологиялық ресурстарын пайдаланамыз.

Компанияның құрылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1930 жылдары кәсіпкер Ли Бен Чхоль күріш ұны өндірісі бойынша өз ісін ашады. Тэгу қаласындағы шағын қойма Samsung компаниясының тарихына бастама болады. Сол кездері Корея Жапонияның отары болғандықтан, елде жеке кәсіпкерлікпен айналысу едәуір қиын болатын. Соған қарамастан 1938 жылдың өзінде-ақ Ли Кореядан Қытай мен Маньчжурияға экспорттау үшін өзінің бірінші каналын жасауға қол жеткізеді. Күріш, қант және кептірілген балық сынды азық-түлік өнімдерін жеткізудің қарқынды дамуы Samsung Trading Company сауда маркасымен ресми түрде тіркелуге мүмкіндік берді. Атаудың шетелдік (Корея үшін) көрінісі корейлік кәсіпкердің алға қойған мақсаттарына ұмтылуының, амбициялы жоспарларының арқасында 1950 жылдары Ли Бен Америка құрлығымен сауданы қалпына келтірмек болғанда пайдабола бастады. Корея түбегіне АҚШ әскерінің келуінен кейін зауыттың күріш шарабы мен сырасын шығару саласындағы өнімдері одақтық әскер өкілдеріне сатыла бастады. Кореядағы соғыс бизнестің тоқтауына себепші болды. Компанияның негізгі зауыттары секілді қоймалар да қиратылып, өртелді. Қиратылып өртенген Ли Бен үйінде кейінгі жаңа ісін бастауға негіз болған ақша толы жасырылған жәшік табылған деген қауесет бар. Бұл тоқыма фабрикасы, қант зауыты, кейіннен сақтандыру бизнесі болған. 1960 жылдары Кореяда халықтың орташа табысы 80 доллардан аспағандықтан, Ли Бен өз ісінің нәтижесінде байи түседі. Сол кездері елде, тіпті ел астанасы – Сеулде де электр қуаты тапшы болып, жарық тек сағатпен берілді. Ал орталықтандырылған су құбырлары істен шықты. Ли Бенның жақын досы, президент Ли Сын Ман әскери төңкеріс жасап, оған бай кәсіпкер қолдау көрсетеді. Нәтижесінде Ли Бенды тақтан тайдарылған президентпен жақын қарым-қатынаста болғаны үшін және жемқорлықпен айыптап, түрмеге жабылады.

Корея соғысынан кейінгі Samsung

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оңтүстік Кореяның жаңа президенті, генерал Пак Чоң Хи экономикалық және өнеркәсіп реформаларды бастайды. Экономиканың өнеркәсіп секторын дамытуға арналған жоба мен бағдарламалар әзірленді. Шикізат пен заманауи технологиялар өндіруге шетелдік займдар тартып, одан түскен пайданы қайтадан осы өнеркәсіптерді жетілдіруге жұмсауға бағытталды. Осындай кезеңде тасы өрге домалаған кәсіпкерлердің бірі – Ли Бен Чхоль еді. Осылайша 30 ірі компания (чеболи – «қаржы отбасысы») құрылды. Солардың ішінде Samsung сынды Daewoo, Hyundai, Goldstar (LG) және тағы басқалары да бар еді. «Қаржылық отбасыларының» әрбірінде өзінің бағыты болды: Daewoo – автокөлік өндірісі, Goldstar – тұрмыстық техникалар, Samsung – электроника, Hyundai – құрылыс саласы.

Компанияның реформалануы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оңтүстік Кореяның эконимакасы жылына 6-дан 14 пайызға дейін қарқынды дамып отырды. Осы кезеңде экспорт өсімі 30 пайызға жеткен. 1969 жылы Sanyo-мен біріккеннен кейін Samsung компаниясы ақ-қара түсті теледидар өндірісін бастап кетеді. Кореяның өзінде тұрғындардың 2 пайызына ғана қолжетімді болды.

Sanyo мен Samsung-тың бірігуі Samsung Group-тың ірі секторларының бірі – Samsung Electronics секторына бастама болды. 1980 жылдары компания экономикалық дағдарысты көп шығындалса да еңсере білді. Еншілес компаниялардың саны күрт азайып қалды. Билікке Ли Гон Хи келген соң реформалардың толық спектрі ұсынылды. Компания еркін сауда туралы заңның шарттарын толығымен қанағаттандыра алуы керек болды. Ішкі инвесторларға қатысты саяси өзгерістер негізіндегі ұсыныс компанияның субсидия үшін қызығушылығын арттыруға бағытталды. Конгломерат мемлекет тарапынан қаржылай қолдаудан қағылған еді.

1980 жылға дейін концерннің құрамына кіретін компанияның акциялары тек Оңтүстік Кореяның аумағында ғана танылып, инвесторлар тарапынан ең төмен сұранысқа ие болады. Басты себебі – конфуциялық ұстанымдар бойынша дәстүрлі азиялық басқару: билік басында тек Ли әулетінің өкілдері ғана болуында. Ішкі инвесторларда өндірісті басқару шеңберінде қабылданған шешімдергі әсер ету тетіктері мүлдем болмады.

Маркетингтік өзгерістер енгізіліп, компания миссиясы толығымен қайта жасалды, оған қоса символы да өзгертілді. Алғашқы екі логотипінде үш қызыл жұлдыз бар болатын. Алайда Samsung басшылығы бұрынғы логотипті халықаралық корпорация имиджіне сай келмейді деп ұйғарып, өзгертуге шешім қабылдайды. Дәл сол тұста ішіне фирманың аты жазылған қатты еңкейтілген көк эллипс қазіргі эмблема жарық көрген болатын. Тамаша дизайн және кеңейтілген жарнама кампаниясы өз істерні атқарды, логотип әлемдегі ең танымалдылардың біріне айналды. Алдыңғы қатарлы ЖОО-дың студент-жарнамашылары бүгінгі күні Samsung логотипін ерекше сәтті ребрендинг үлгісі ретінде өзгертуді зерттеп жатыр.

Жаңа эмблема жасау шығыс философиясынан алшақ кете алмады. Компания өкілдері «логотиптің эллиптикалық формасы идеяларды жаңарту мен жетілдіруді көрсете отырып, әлемдік кеңістікте қозғалысты бейнелейді» деп мәлімдеген. Бұл өзгерістер 1990 жылдарға дейін жалғасып отырды.

1983 жылы дербес компьютер өндірісі ашылған.

1991-1992 жылдары алғашқы жеке мобилды құрылғылар мен мобильды телефондарды жасау аяқталған.

1999 жылы Forbes Global журналының тұрмыстық техника өндірісі саласы бойынша сыйлығы Samsung Electronics компаниясына бұйырды.

Концерннің құрылымы және қаржылық жағдайы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Interbrand консалтинг компаниясының жыл сайын өткізетін маркетингтік зерттеулерінің мәліметі бойынша Samsung 2007 жылғы жағдайында бренд бағасының қосындысы бойынша 21-орынды иемденген. Компанияның негізгі бәсекелесі Sony компаниясы 25-орында.

Бренд бағасы, $ млрд (2007) Бренд бағасы, $ млрд 2006) Расшифровка (Мағынасын ашу)
16,853 16,169 Samsung бренді LCD панелі нарығында алдыңғы орынды иеленсе, екінші орынды мобилды телефондар өндіруші ретінде иемденеді.


Samsung Group-тың 2006 жылғы қаржылық есебі

Header text KRW (млрд) USD (млрд) EUR (млрд)
Сатылым (Net) 151 766,1 158,9 126,5
Жиынтық активтері 260 991,3 280,8 213,5
Жиынтық пассивтері 168 885,5 181,7 138,2
Акционерлік капитал жиынтығы 92 105,8 99,1 75,4
Кіріс (Net) 12 312,1 12,9 10,3


Компаниялардың жыл сайынғы есебі бойынша концерннің сатылымның өсу беталыстары: Есептік жылдар USD млрд 2002 116,8 2003 101,7 2004 121,7 2005 140,9 2006 158,9


Samsung Group концерінінің құрамына кіретін компаниялар электроника және микроэлектроника, химиялық өнеркәсіп, құрылыс, автомобиль жасау, ауыр өнеркәсіп, қаржы және несие, сақтандыру сынды істермен айналысады. Концерн құрылымы ресурстан бастап, олардың қайта жасалуы және дайын өнім күйінде аяқтау сынды электроника өндірісінің толық циклін қамтиды. Конгломераттың негізгі бөлімшелері тек концернге немесе Оңтүстік Корея аумағында ғана тікелей дайын электронды өнімдерді жасаумен айналысып, компанияға қатысты бағынышты функцияларды атқарады. Бұл ерекшелік бөлімшелер бойынша кірістердің орналасуынан анық көрінеді, осылайша концерннің негізгі кірісі электронды өнеркәсіптен келеді.

Электронды өнеркәсіп

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Концерн сатылымының 70 пайыздан көбі электронды өнеркәсіптен келеді.

Бұл бөлімшенің компаниялары:

• Samsung Electronics • Samsung SDI • Samsung Electro-Mechanics • Samsung SDS • Samsung Networks

Электронды өнеркәсіп бөлімшесінің компаниялары бүкіл әлемде жұмыс жасайды, бұйымдардың көп бөлігі экспортталады. Samsung электронды өнеркәсіп бизнесінің аймақтық орналасуы төмендегідей:

Аймақтар Үлес, %
Солтүстік және Оңтүстік Америка 28
Еуропа және ТМД елдері 37
Корея 15
Қытай 7
Жапония 1
Өзге елдер 12

Бөлімшелер қатты диск (HDD), оперативті жад, SRAM (оның ішінде процессор және видеокарталарға арналған чиптер өндірісі), сұйық кристалды мониторлар, сұйық кристалды және плазмалы теледидарлар, GSM, CDMA, 3G және WiMAX бар стандартты мобилды телефондар, IP-телефондарға арналған құрал-жабдықтар, ноутбуктер, принтерлер, тұрмыстық техникалар және т.б. өндірісімен, телекоммуникацияның сымсыз желісі WiMAX-тың үшінші және төртінші нұсқаларын дамытумен айналысады.

Samsung электронды өнеркәсіп бизнесінің технологиялық бағыттар бойынша орналасуы:

Бағыт Үлес, %
Телекоммуникациялық бөлімше 26
Жартылай өткізгіштік бөлімше 25
Сұйық кристалды дисплей бөлімшесі 11
Сандық медиа технологиялар бөлімшесі 22
Тұрмыстық техника бөлімшесі 7
Басқалар 9

АҚШ-та телекоммуникация нарығында компанияның жетістігі туралы айта кету қажет. 2008 жылдың үшінші тоқсанында Samsung мобилды телефондар сату бойынша негізгі бәсекелесінің бірі Motorola (Strategy Analytics) компаниясын артта қалдырып, бірінші орынға көтерілді. Ал еуропалық нарықта Nokia компаниясынан кейінгі екінші орында.

Display Search зертеу компаниясының (2007 жылдың бірінші тоқсаны) статистикасы бойынша Samsung Electronics әлемдік нарықта алдыңғы телевизиялық брендтер арасында көш басында тұр.

Бренд Нарық үлесі, % Samsung 11,7 LG 10,6 Philips 7,3 TTE 6,2 Sony 6,2 Басқалар 57,9

Маңызды бағыттардың бірі, жоғарыда аталғандай, – LCD панелдерін жасап шығару (монитор) және ТВ өндірісі. Бұл туралы жер-жердегі өндірістер де дәлелдейді. Samsung Electronics-тың монитор дайындау зауыттары Оңтүстік Кореяда (Сувон) (1981), Венгрияда (1990), Малайзияда (1995), Ұлыбританияда (1995), Мексикада (1998), Қытайда (1998), Бразилияда (1998), Словакияда (2002), Үндістанда (2001), Вьетнамда (2001), Таиландта (2001), Испанияда (2001) орналасқан.

2008 жылы теледидар өндіретін зауыт Ресейдің Калуж облысында ашылады.

Басты өнеркәсіп Сеул қала маңында орналасқан. Бұл кәсіпорында «6 sigma» бақылау жүйесі орнатылған. Мұнда жаңа үлгілер жасалынады, тесттен өткізеді, бірінші өнім сериясын шығарады. Сәтті шыққан соң ғана әлемнің түкпір-түкпіріндегі зауыттарына дайындау ауыртпалығын бөледі. Бұл стандарт концерннің көп зауыттарына енгізілген.

Химиялық өнеркәсіп

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Химиялық өнеркәсіп бөлімшесінің құрылымы мынадай бес кәсіпорынды қамтиды:

• Samsung Total Petrochemicals (халықаралық компания, Total Group-пен біріккен кәсіпорын) • Samsung Petrochemicals • Samsung Fine Chemicals • Samsung BP Chemicals (халықаралық компания, BP Chemicals-пен біріккен кәсіпорын)

Сала концернге жылына 5 млрд доллар шамасында табыс әкеледі. Samsung Total Petrochemicals – концерннің химиялық өнеркәсіппен айналысатын ең ірі компаниясы. Samsung Group және химия мен энергетика саласында жұмыс жасайтын Total Group француз компаниясының біріккен кәсіпорны. Мұнай-химиялық кешен 15 зауыттан тұрады, Оңтүстік Кореяның Десан қаласында орналасқан. Тұрмыстық химия, жалпы тұтыну химиясын өндіреді.

Негізгі химикаттар: • полиэтилен • полипропилен • стирол мономері • параксилол • LPG, жанармай

Экспортқа жылына 5 млн тоннаға жуық мұнай-химиялық өнім кетеді. Өндіріс экология саласында ISO стандарттарын қанағаттандырады.

Ауыр өнеркәсіп

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауыр өнеркәсіп саласында концерннің төмендегідей екі бөлімшесі жұмыс жасайды:

Samsung Heavy IndustriesSamsung Techwin

Бөлімше пайдасы концерн кірісінің 10 пайызын құрайды. Негізінен Оңтүстік Корея аумағында, бұдан тыс бөлігі АҚШ пен Қытайға экспортталады. Негізгі салалар арасында бөлімшенің қызметі қауіпсіздік құрылымына, қару-жарақтың жаңа түрлерін жасап шығаруға, сондай-ақ мұнай құрылысына, газ құбырлары мен танк жасауға бағытталған. Ірі жобалардың ішінде көп мақсатты оқу ұшағы – KTX2 ұшағы мен Xin Los Angeles контейнеровозы ең ірілері болып табылады.

Құрылыспен концерннің бір ғана компаниясы айналысады, ол:

Samsung Engineering

Сала концернге жылына 2 млрд доллар шамасында табыс әкеледі. Бөлімше әлемдегі Samsung Group компаниясына арналған кеңселер мен зауыттар құрылысымен айналысады. Сеулдегі Samsung Group-тың бас кеңсесі – осы бөлімшенің жетістігі. Ең биік ғимараттары – Біріккен Араб Әмірлігіндегі Бурдж-Халиф ғимараты; Малайзия астанасы Куала-Лумпурдегі Петронас мұнарасы; Тайвандағы Тайбэй 101 ғимараты.

Автомобиль құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Концерннің профилденбейтін бөлімшелерінің бірі – автомобиль құрылысы, аталмыш салада төмендегі бір ғана кәсіпорын айналысады: Samsung Motors (Renault Samsung Motors) — 2000 жылы.

Үлгілері: • Samsung QM5 • Samsung SM3 • Samsung SM5 • Samsung SM7

2008 жылы компания тек ішкі нарықты ғана қамтамасыз етіп отырды. 2009 жылы азиялық және тынықмұхиттық аймақтардағы нарыққа шыға бастады. 2007 жылы өндіріс көлемі 179 272 автомобилге жеткен.

Қаржы және несие, сақтандыру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Конгломераттың қаржы секторы төмендегі алты компанияны қамтиды:

Samsung Life Insurance (сақтандыру, қаржы консалтингі, несие беру) • Samsung Fire & Marine Insurance (мүліктік сақтандыру) • Samsung Card (несие ұйымы) • Samsung Securities (инвестициялық банк) • Samsung Investment Trust Management (Кореяда қаржы салымын басқару) • Samsung Venture Investment (инвестициялық компания)

Компанияның қаржы бөлімшесі жылына 42 млрд доллар шамасында пайда әкеледі. Оңтүстік Корея аумағында концерннің қаржылық қызмет көрсетуімен айналысады. Samsung Life Insurance Оңтүстік Кореядағы ең ірі сақтандыру консалтинг компаниясы болып табылады. 10 млн клиентке қызмет ете алады. Әлемдік компаниялар арасында 18-орынды иеленеді.

Жеңіл өнеркәсіп

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Samsung Cheil Industries1954 жылы текстилді мануфактура ретінде негізі қаланған компания. Оңтүстік Кореяда индустрия саласында көшбасшы бола алған.

Маркетинг және жарнама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Cheil Communications1973 жылы негізі қаланған маркетинг компаниясы. Қоғаммен байланыс, маркетингтік зерттеулер, БАҚ-мен қатынас саласында қызмет атқарады. Оңтүстік Кореядағы жарнама саласында сөзсіз көшбасшы болып табылады. Бөлімше Samsung Group концернінің маркетинг мәселелерін толығымен шеше алады. Кеңселері әлемнің 24 елінде орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://ru.wikipedia.org/wiki/Samsung_Group