Мазмұнға өту

Сутартар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
22:22, 2019 ж. шілденің 2 кезіндегі Ercé (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Сутартар
Young adult, WWT London Wetland Centre, Barnes
Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1) [1]
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Кіші табы: Neornithes
Ықшам табы: Neognathae
Ұлы сабы: Neoaves
Сабы: Gruiformes
Тұқымдасы: Сутартар тұқымдасы
Тегі: Gallinula
Түрі: Сутартар
Екі-есімді атауы
Gallinula chloropus
(Linnaeus, 1758)
Сутартарлар мекендейтін ареалы
Сутартарлар мекендейтін ареалы
Синонимдері

Fulica chloropus Linnaeus, 1758

Gallinula chloropus

Сутартар – тырнатәріздес құстар (лат. Gruiformes) отрядының Сутартар тұқымдасына жататын құс.

Сұр-қоңыр түсті, ұзындығы 25 см-дей, салмағы шамамен 130 – 180 г болатын кішкентай құс. Оның ащы шырылдауық даусы бар. Сутартарлар жасырын өмір сүреді, сол себептен де көзге көп көріне бермейді. Олар тез жүгіру және жақсы жүзу қабілетіне ие, әдетте жүзген кезінде құйрығын қозғалтып сүңгиді. Сутартарлар өзендегі қалың қамыстың арасында тіршілік етеді. Ұяларын қамысқа, қалың тал бұталарына және су үстінде өсетін өсімдіктерге салады.[2]

Жабын қауырсындары – қошқыл, құйрығының екі қырында ақ қауырсындары болады. Сутауық суда құйрығын жайып, жиі тік ұстайды, құйрық қырындағы ақ түс сондықтан жақсы көрінеді. Маңдайындағы әдемі қызыл шытырасы дәл сондай қызыл тұмсыққа қосылады. Австралиядан басқа барлық материктерде кеңінен қоныстанған.Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі суқоймалардың қалың қамысында өмір сүреді, сондай-ақ Жайықта және Орталық Қазақстанның кейбір көлдерінде тіршілік етеді. Жеке жұп түзіп орнығады, көбінесе қалқыма ұялар салады. Бір жазда екі рет балапан өргізіп үлгіреді. Бірінші салындыда 6-11, екіншісінде – 2-6 теңбілді тат түстес жұмыртқалар болады. Аналығы алғашқы ұялас балапандар өз бетімен тіршілік ете алғанға дейін екінші салындыға жұмыртқа салады, сөйтіп оны аталығы қамқорына алады. Сан алуан бунақденелілерді жейді, әдетте оларды өсімдік бетінен шоқиды. Қазақстанда сәуірдің соңынан қазанның аяғына дейін болады[3].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. BirdLife International Gallinula chloropus. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2015.1. International Union for Conservation of Nature (2014). Тексерілді, 7 маусым 2015.
  2. «Қазақстандағы жануарлар әлемі» кітабы,«Алматыкітап» ААҚ, 2003 жыл. ISBN 9965-628-91-2
  3. Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра