Теңсіздік
Көрініс
Теңсіздік - экономикалық ресурстарға, әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың (страталар, таптар, касталар, топтардың) әртүрлі мүмкіндіктері.[1] Математикада бір шаманы екінші шамамен салыстыруда пайдаланады: >,<. Мысалы: 5>3 немесе 2<10
Әлеуметтік теңсіздіктің түрлері:
- Игіліктерді бөлудегі теңсіздік
- Бастапқы позициялардағы теңсіздік
- Өзін-өзі жеілдіру мүмкіндігі теңсіздігі
- Қоғам құрылғысымен негізделген теңсіздік - Игіліктерді бөлудегі теңсіздік д/а.
- Ақпарат көздеріне, ақпараттың молшылығына, адам өскен әлеуметтік ортаға, материалдық молшылыққа қол жеткізудің жеңілділігіне байланысты жақсы білім алуға мүмкіндік. Бұл дегеніміз қандай да бір игіліктерге қол жеткізу перспективасы кейбір бастапқы шарттарға байланысты қойылады. Мұндай шарттарды «Бастапқы позициялардағы теңсіздік» деп атайды.
- Ерекшелік пен дербестікке деген ынта қоғамдық қызығушылықтың намысына тиеді. Сол себепті қоғам тыйым сала бастайды, өзін-өзі жетілдіруге қажеттілікті қиындата немесе, керісінше, көтермелей бастайды. Бұл теңсіздік түрін «Өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі теңсіздігі» д/а.
Әлеуметтік теңсіздік әлеуметтік диференциацияның бір түрі. Әлеуметтік диференциация - қоғамдағы жаңа өндірістік күштердің, қоғамдық бөліністің және біркатар әлеуметтік топтардағы әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне себеп болатын бөліністің дамуына байланысты жаңа іс-әрекет түрінің пайда болуы процесі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |