Үйде жалғыз қалғанда

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Үйде жалғыз қалғанда
Home Alone
Фильмнің постері
Жанры

жаңа жылдық
комедия

Режиссёрі

Крис Коламбус

Продюсері

Джон Хьюз (ағыл.)

Сценарийдің авторы

Джон Хьюз

Басты рөлдерде

Джо Пеши
Дэниел Стерн
Маколей Калкин

Операторы

Хулио Макат (ағыл.)

Композиторы

Джон Уильямс (ағыл.)

Кинокомпания

Түсірген:
Hughes Entertainment
Дистрибьютор:
20th Century Studios

Ұзақтығы

103 мин.[1]

Бюджеті

$18 000 000[2]

Кассалық түсімі

$476 684 675[2]

Мемлекет

 АҚШ

Тілі

ағылшын тілі

Шыққан жылы

1990 жыл

Келесі фильм

Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте жоғалған

IMDb

ID 0099785

Үйде жалғыз қалғанда (ағылш. Home Alone) — 1990 жылы Джон Хьюздың (ағыл.) сценариі бойынша түсірілген америкалық жаңа жылдық комедия. Режиссері - Крис Коламбус. Маколей Калкин фильмде Кевин Маккаллистердің рөлін сомдады. Кевиннің отбасы Парижге жаңа жылдық демалысқа ұшып кетіп, оны үйде қалай жалғыз қалдырып кеткендерін байқамай қалады. Алғашында Кевин үйдегі жалғыздықтан рақаттанады, бірақ кейіннен екі қарақшыға тап болады. Қарақшылар рөлдерін Джо Пеши мен Дэниел Стерн орындады. Сондай-ақ картинаға Джон Херд (ағыл.), Кэтрин О’Хара (ағыл.) және тағы басқа актерлар қатысты.

Сыншылар фильм жайлы әртүрлі пікір білдірді. Фильм Солтүстік Америкада шыққан жаңа жылдық комедиялар арасында ең көп кассалық табысқа ие болды[3]. Сонымен қатар фильм АҚШ кинематографиясының тарихындағы ең көп кассалық табысқа ие болған комедия ретінде рекорд орнатқан. Бұл рекорд 2011 жылы «Бас жазу: II-ші бөлім (ағыл.)» кинофильмі шыққанға дейін ұсталып тұрған[4]. Картина төрт сиквелдан тұратын франшизаның негізі болды, олардың екеуі ғана тікелей жалғасы болып саналады. Дегенмен «Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте жоғалған» фильмінде ғана толықтай бұрынғы актерлық ұжым сақталды. Ал қалған екі сиквел толықтай дербес болып есептеледі.

1991 жылы фильм «Фильмдегі үздік ән (ағыл.)» («Somewhere in my Memory» композициясы) және «Фильмдегі үздік музыка (ағыл.)» номинацияларында «Оскар» сыйлығына ұсынылды[5]. «Somewhere in my Memory» композициясы «Визуалды медиадағы үздік ән (ағыл.)» номинациясы бойынша «Грэмми» сыйлығына ұсынылды, алайда жеңіске жетпеді[5]. Басты рөлді орындаушы Маколей Калкин «Комедия немесе мюзиклдегі үздік ер адам рөлі (ағыл.)» номинациясында «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылды[5].

Фильмдегі оқиға желтоқсан айында орын алған. Маккалистерлер отбасы Чикагоның шет аймағында орналасқан Питер мен Кейттің үйіне жиналады. Сол жерден барлығы бірігіп қыстық демалыстарын өткізу үшін Парижге ұшпақ болады. Үй иелерінің ұлы, сегіз жасар Кевинді туған бауыр-қарындастарымен басқа да өзі құралпылас туысқандары мазақ қылады. Кевин мен оның үлкен ағасы Базз өзара араздасып қалады. Кевинді жазалау мақсатында шатырдағы қабатқа ұйықтауға жібереді. Ыза болған Кевин отбасының жоқ болып кеткенін тілейді. Сол түні қатты жел соғып электр желілері зақымданады, сондықтан оятқыш сағаттағы уақыт артқа қалып қояды. Ертесінде асыққан отбасы, шатырдағы қабатта ұйықтап жатқан Кевинді ұмыт қалдырады. Кевин үйде жалғыз қалды.

Ояна салысымен Кевин үйде жалғыз қалғанын түсініп, тілегі орындалғанына қуанады. Әйтсе де көп кешікпей оның көңіл-күйі күрт бұзылады: көрші қарт Марлиді кездестірген балақайдың зәресі ұшады. Кевиннің естуі бойынша қарт Марли 1958 жылы өз отбасын қар күрейтін күрекпен өлтірген. Кейінірек Кевин тағы да басқа қатермен жолығады. Ол өз маңайындағы демалыс кезінде босап тұрған үйлерге ұрлықпен түсіп жүрген екі қарақшыны кездестіріп қалады. Өздерін «дымқыл қарақшылар» деп атайтын Гарри мен Марвтың көздері Маккаллистерлердің үйіне түскен. Оны білген Кевин әртүрлі қулықтар арқылы қарақшыларға өзінің үйде жалғыз қалғанын білдіртпеуге тырысады.

Парижге ұшып бара жатқан Кейт ұлын үйде жалғыз қалдырып қойғанына көзі жетеді. Анасы тезірек үйіне қайтпақшы болады, бірақ келесі екі күнге Чикагоға дейін билеттер жоқ болып шығады. Питер және отбасының басқа да мүшелері оның ағасы Робтың париждік пәтеріне жол тартады. Ал Кейт болса қайта АҚШ-қа ұшып кетеді, бірақ Чикагоға емес, Пенсильвания штатындағы Скрантон (ағыл.) қалашығына. Ол жерге жеткенде Кейт Чикагоға дейін ұша алмайтындығын біліп, жеңіл көліктегі полька орындайтын музыкалық тобымен бірге жол тартуға шешім қабылдайды. Ал ол уақытта Гарри мен Марв Кевинның расымен де үйде жалғыз қалғанына көздері жетеді. Алдыңғы түнде Маккаллистерлердің үйіне түспек болған олар, Кевиннің олардың жоспарын естіп қалғанын байқамай қалған.

Рождество күнінің дәл қарсаңында Кевин шіркеуге балалар хорын тыңдауға барады. Шіркеуде Кевиннің жанына қарт Марли келіп отырады. Онымен сөйлескен Кевин, Марли жайлы естіген сыбыстары өтірік екенін біліп, ол жайлы қателескеніне көзі жетеді. Марли шіркеуге хорда ән салатын немересін тыңдауға келгенін, оны шіркеуден тыс жерде көре алмайтынын айтады. Себебі ол кезінде ұлымен қатты ұрсысып, көп уақыт бойы бір-бірімен араласпаған. Кевин Марлиге ұлымен қайта татуласып көруге ұсыныс жасайды.

Шіркеуден үйіне қайтқан Кевин ұрыларды жақсылап күтіп алуға дайындалмақ болған. Ол үйдің әртүрлі жерлеріне кішігірім тұзақтар орнатады. Үйге кірмекші болған Гарри мен Марв Кевин ұйымдастырған кедергілерге тап болып, түрлі жарақаттар алады. Ұрылар Кевинді бүкіл үйді айналып қуғанда, ол полицияға қоңырау шалып көршінің үйіне қашып үлгереді. Әйтсе де Кевин Гарри мен Марвтың қолдарына түсіп қалады. Олар қалай қу балақайдан өштерін алатынын ақылдасып жатқанда, арттарынан Марли келіп күрекпен ұрып талдырады. Келіп жеткен полиция қызметкерлері «дымқыл қарақшыларды» дереу тұтқынға алады. Маңайдағы тоналған үйлерді су басып кеткендіктен, олардың бәрі екі алаяқтың істері екеніне тікелей дәлел болады. Тоналған үйден кетпек бұрын Марв ылғи да су құбырының шүмегін ашық тастап кететін.

Рождество күнінің таңертеңінде оянған Кевин өзін көңілді сезінеді, өйткені оның отбасы әлі де үйге қайтып келмеген. Сол сәтте ол кіреберіс есіктің ашылғанын естиді. Үйге кіріп келген Кейт Кевинді шақырады. Кевин анасына қарай түсіп, онымен қауышады. Дәл сол уақытта оларға бірінші пайда болған мүмкіндікпен үйлеріне қайтқан қалған Маккаллистерлер қосылады. Ұрылармен болған оқиғаны Кевин отбасындағы ешкімге айтпады. Кейіннен Кевин терезеден Марлидың өз ұлымен және оның отбасымен татуласқанын көреді. Марли да Кевинді байқап қалады – бір-біріне қол бұлғаған олар, әр қайсысы өз отбасына оралады.

Басты рөлдерде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басты рөлдерді орындаушылар (оннаң солға қарай): Маколей Калкин, Джо Пеши, Дэниел Стерн, Кэтрин О’Хара, Джон Херд және Джон Кэнди
Фильмдегі үйдің рөлін атқарған жекежай Иллинойс штатындағы Уиннетка қалашығында орналасқан.

1988 жылдың аяғында Джон Хьюз (ағыл.) «Жаңа жылдық демалыс» (ағыл.) атты фильмнің сценариін агенті Джек Рапки арқылы Крис Коламбус жібереді[7]. Хьюз Коламбустың жаңа жылдық фильмдерге деген жылы қөзқарасы жайлы біліп, оған фильмді түсіруге ұсыныс жасайды[8]. Коламбус пен Хьюз алдын ала келісімге келеді. Дегенмен Коламбуспен басты рөлді орындайтын Чеви Чейзбен (ағыл.) болған түсініспеушіліктен кейін, режиссерлік орнынан бас тартады[8].

1989 жылы Джон Хьюз өзінің сценарийі бойынша «Бак ағатай» (ағыл.) атты фильмін түсірумен айналысады. Бұл фильмде Маколей Калкин екінші қатарлы рөлде ойнады[9]. Коламбус «Жаңа жылдық демалысты» түсіруден бас тартқаннан үш ай өткен соң, Хьюз оған тағы да екі фильмнің сценариін ұсынады. Хьюз «Шегіне жеткенде» (ағыл.) мен «Үйде жалғыз қалғанда» атты сценарийлер жазған болатын. Бұл сценарийлерді Коламбустан басқа Патрик Рид Джонсонға (ағыл.) да ұсынады[8]. Джонсон екі сценарийден де бас тартады, Коламбус болса «Үйде жалғыз қалғанда»-ны түсіруге келісімін береді[8]. Басында фильм Warner Brothers студиясында түсірілуі керек болатын[10]. «Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің түсірілімі 1989 жылдың ақпан айында басталуы керек болатын. Бірақ Warner Brothers шығармашылық бюджетін екі есе көтеруге келіспей, фильмнен бас тартады (бастапқы бюджет 10 миллион долларды құраған)[10]. Жаңа демеушілер іздеген Хьюз 20th Century Fox директорлар кеңесінің төрағасы Джо Рот (ағыл.) арқылы студияға фильмді ұсынады[10]. 20th Century Studios келісімін беріп, 18 миллион долларды құрайтын бюджетті бөледі[11].

«Үйде жалғыз қалғанда» франшизасының алғашқы екі фильмінің режиссері Крис Коламбус.

Хьюз Коламбусқа басты рөлге Маколей Калкинды алуға кеңес береді. Дегенмен Коламбус Кевиннің рөліне үлкен кастинг жариялайды. Ол Калкинның кандидатурасына тоқтамай тұрып, жүздеген балаларды қарап шығады[9] (олардың ішінде Джеффри Уайзман да болған, кейіннен балаларды санағанда Кевинмен шатастырылып қалатын көрші бала Митч Мерфидің эпизодтық рөлін ойнады). Жасына байланысты Калкин тек қана кешкі сағат онға дейін ғана түсе алған. Бұл түсірілім ұжымына біршама қиындықтар әкелді, өйткені фильм көп жағдайда түн кезіндегі оқиғаларды көрсету керек болатын[9]. Кевиннің орнына трюктарды орындайтын каскадерлермен жұмыс та ұжымға қиын тиген. Коламбустың айтуы бойынша: «Каскадер балалар трюктарды орындаған кезінде мүлде күлкіге деген орын болмады. Балақайлардың қауіпті трюктарына қарап, мен олардың аман-есендіктерін ғана тілейтінмін». Алғашында трюктер түгелдей қауіпсіздік белдіктерін қолдана орындалатын. Бірақ камерада тым көзге түскендіктен белдіктерден бас тартуға тура келді[9]. Коламбус интервьюлердің бірінде Джо Пеши жайлы айта отырып: «"Жөнді жігіттер" (ағыл.) фильміндегі Джоның кейіпкері әрдайым менің күлкімді келтіретін. Джо - қандай жағдай болса да комедияға жөнді орын таба білетін актерлардың бірі деп ойлаймын. Ол біздің фильмге расымен де өте қатты қатысқысы келген»[8]. Пеши орындауындағы Гарри Лайм есімді қарақшының аты Кэрол Ридтың (ағыл.) «Үшінші адам» (ағыл.) фильмінен алынды (бұл фильмде дәл сондай атты кейіпкерді Орсон Уэллс ойнаған)[8]. Коламбус кейіннен айтқанда: «Джо – біздің заманымыздың ең мінезді актерларының бірі, ол біздің жетекші кейіпкеріміз болды. Джо Гарриді диккенс типті кейіпкер ретінде көрсеткісі келген. Ол кейіпкерін саусақтары кесілген қолғап киетін, қысқа шашты болғанын қалады. Екі шетке шайқала жүруді де өзі ойлап тапты. Бұған қоса ол әрбір екі сөздің арасында "Fuck" тәріздес дыбыстарды қосатын, бірақ кейіннен одан бас тарты. Отбасылық фильм түсіретін болғандықтан, Джоға оны "Fridge" сөзімен алмастыруға кеңес бердім»[12].

Маккалистерлердің үйінің ішкі көріністерін түсіру үшін қолданылған үш қабатты жекежай Иллинойс штатындағы Уиннетка (ағыл.) қалашығында[13] Линкольн-Авеню, 671 мекенжайы[14] бойынша орналасқан. Үй 1920 жылы салынған. Жекежай 1988 жылдың 15 желтоқсанында сатып алған отбасының иелігінде болған. Түсірілім кезінде олар үйде тұра беруді жалғастырған. Ішкі көріністер үшін бұл үйдегі ас үй, жертөле, алдыңғы зал мен бірінші қабаттың үлкен бөлігі қолданылды[15]. Қалған интерьер (ас бөлмесі, екінші және шатырдағы қабат) толықтай декорацияда түсірілді[15]. Үйде 5 жатын бөлме, толықтай ауыстырылған шатырдағы қабат, жылыжай мен қосарлы гараж бар[16]. Үйдің артқы ауласындағы ағаштағы үйшік фильм үшін арнайы тұрғызылып, түсірілім біткенде қайта бұзылды[17]. 2011 жылдың мамыр айында жекежай 2,4 миллион долларға сатылымға қойылып[18], 2012 жылдың наурыз айында 1,585 миллион долларға сатылды[14]. Назар аударуға тұрарлық туристік нысан ретінде жарнамаланып, «үйіңіздің кинода көрініп қалуына қалай қол жеткізуге болады» деген үлгі ретінде келтіріледі[19].

Шіркеу ретінде Иллинойс штатының Ок-Парк (ағыл.) қаласындағы Грейс епископалды шіркеуі түсірілді[20]. Бірақ шіркеудің ішкі көріністері Хэвен-Миддл мектебінде түсірілген. «Лас жанды періштелер» атты фильмдегі фильмді түсіргенге бір күн ғана уақыт жұмсалды[6]. 1940-шы жылдардағы гангстерлік кинобейнелеріне (ағыл.) ұқсас болу үшін ақ-қара түсті бейнекамера мен сол заманның бұйымдары қолданылды[6]. Париж-Орли (ағыл.) әуежайындағы көріністер О‘Хара халықаралық әуежайінің (ағыл.) бір бөлігінде түсірілді[21].

Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack
«Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack» альбомының мұқабасы (Джон Уильямс (ағыл.)қаз., 1990)
Джон Уильямс (ағыл.) Саундтрек
Шыққан жылы

4 желтоқсан 1990 (Кассета (ағыл.))
27 мамыр 2015 (CD)

Жанры

Классикалық музыка

Ұзақтығы

56:58

Ел

 АҚШ

Лейблі

Sony Classical (ағыл.)

Кәсіби пікірлер
AllMusic (ағыл.) 5 жұлдыздың 5[22]
Джон Уильямс (ағыл.) хронологиясы
Stanley & Iris: Original Motion Picture Soundtrack (ағыл.)
(1990)
Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack
(1990)
Hook: Original Motion Picture Soundtrack (ағыл.)
(1991)

Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack —«Үйде жалғыз қалғанда» кинобейнесінің саундтрегі[22]. Альбомдағы композицияларды Джон Уильямс (ағыл.) жазған. Sony Classical (ағыл.) лейблінде 1990 жылдың 4 желтоқсанында Кассета (ағыл.) форматында шығарылған[23]. 2015 жылдың 27 мамырында Sony Masterworks (ағыл.) лейблінде компакт-диск форматында қайта шықты[24].

Бастапқыда фильмнің режиссері Крис Коламбус саундтрекке деген музыканы Брюс Бротонға (ағыл.) жаздырмақшы болған[9]. Фильмнің алғашқы постерларында Бротон композитор ретінде көрсетілген[9]. «Австралиялық құтқарушылар» (ағыл.) атты толық метражды мультфильмінің музыкасын жазумен айналысқан Бротон, Коламбустың ұсынысынан соңғы сәтте бас тартады[9]. Сол себепті Коламбус Стивен Спилбергтің көмегімен Джон Уильямспен келісімшартқа отырады. Фильмде «O Holy Night» (ағыл.) және «Carol of the Bells» (ағыл.) сынды дәстүрлі әндер орындалады. Саундтрек «Фильмдегі үздік музыка (ағыл.)» номинациясында «Оскар» сыйлығына ұсынылған[5]. «Somewhere in my Memory» композициясы «Фильмдегі үздік музыка (ағыл.)» мен «Визуалды медиадағы үздік ән (ағыл.)» категорияларында ұсынылды[25].

Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack
АтауыМузыкасыМәтіні Ұзақтығы
1. «Home Alone Main Title (Somewhere In My Memory)» (Chorus & Orchestra)Джон Уильямс (ағыл.)Лесли Брикасс (ағыл.) 4:53
2. «Holiday Flight» Джон Уильямс  0:59
3. «The House» Джон Уильямс  2:27
4. «Star Of Bethlehem» (Orchestral Version)Джон Уильямс  2:51
5. «Man Of The House» Джон Уильямс  4:33
6. «White Christmas» (The Drifters (ағыл.) тобының орындауында)Ирвинг Берлин (ағыл.)Ирвинг Берлин 2:40
7. «Scammed By A Kindergartner» Джон Уильямс  3:55
8. «Please Come Home for Christmas (ағыл.)» (Southside Johnny-дың (ағыл.) орындауында)Чарльз Браун (ағыл.), Джин РеддЧарльз Браун, Джин Редд 2:41
9. «Follow That Kid!» Джон Уильямс  2:03
10. «Making The Plane» Джон Уильямс  0:52
11. «O Holy Night (ағыл.)» (Chorus & Orchestra)Адольф Адам (ағыл.)Джон Салливан Дуайт (ағыл.) 2:48
12. «Carol of the Bells (ағыл.)» (Chorus)Питер Вильговски (ағыл.)Питер Вильговски 1:25
13. «Star Of Bethlehem» (Children’s Chorus)Джон УильямсЛесли Брикасс 2:59
14. «Setting The Trap» Джон Уильямс  2:16
15. «Somewhere In My Memory» (Chorus & Orchestra)Джон УильямсЛесли Брикасс 1:04
16. «The Attack On The House» Джон Уильямс  6:53
17. «Mom Returns And Finale» Джон Уильямс  4:19
18. «Have Yourself a Merry Little Christmas (ағыл.)» (Мел Торменың (ағыл.) орындауында)Хью Мартин (ағыл.)Ральф Блейн (ағыл.) 3:05
19. «We Wish You a Merry Christmas (ағыл.) / The End» дәстүрліЛесли Брикасс, дәстүрлі 4:15
56:58

Кассалық жинақтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Үйде жалғыз қалғанда» Солтүстік Америкада 285,8 миллион доллар, басқа елдерде 190,9 миллион доллар жинаққа ие болған. Әлемдік прокаттағы толық жинақ сомасы 467,7 миллион долларды құрайды. Фильмнің бюджеті 18 миллион долларды құраған[2].

«Үйде жалғыз қалғанда» алғаш уик-эндте 1202 кинотеатрда көрсетіліп, 17 миллион доллар жинады (бір кинотеатрға шаққанда 14 211 доллар).[27] Фильмнің үлкен танымалдығының арқасында кинотеатр экрандарынан ұзақ уақыт бойы түспеді[28]. Кассалық жинақ бойынша 16 апта бойы бірінші орынды ұстаған - 1990 жылдың 16-18 қарашадан 1991 жылдың 1-3 ақпанға дейін[28]. Дегенмен жинақтар бойынша ондықтағы орнын 1991 жылдың 26-27 сәуіріне дейін жоғалтпады[29]. Кинотеатрлардағы көрсетілімдер басталғаннан тоғыз ай уақыт ішінде АҚШ-та 285 761 243 доллар жинап, Солтүстік Америкада сол жылдың ең үлкен кассалық жинақтарына ие болды[30]. Гиннесстің рекордтар кітабіна барлық уақыттағы ең үлкен кассалық жинақтарға жеткен комедия ретінде енгізілген[31].

Кинотеатрлардағы көрсетілімдері біткен кезінде «Үйде жалғыз қалғанда» барлық уақыттағы кассалық жинақтар (ағыл.) бойынша үшінші орынға қол жеткізді[28]. Картинаның әлем бойынша толық жинақтары 477 561 243 долларды құрады. Box Office Mojo (ағыл.) сайтының есептеуі бойынша АҚШ-та 67,7 миллион билет сатылған[32][33].

Сыншылардың пікірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің кәсіби рейтингтері
Басылым Баға
Metacritic (ағыл.) 63/100[34]
Rotten Tomatoes 5,5/10[35]
Chicago Sun-Times (ағыл.) 2.5 3 жұлдыздан2.5 3 жұлдыздан2.5 3 жұлдыздан[36]
Entertainment Weekly (ағыл.) D[37]
CinemaScore (ағыл.) A[38]
The Austin Chronicle (ағыл.) 3 5 жұлдыздан3 5 жұлдыздан3 5 жұлдыздан3 5 жұлдыздан3 5 жұлдыздан[39]
TV Guide (ағыл.) 2 4 жұлдыздан2 4 жұлдыздан2 4 жұлдыздан2 4 жұлдыздан[40]

«Үйде жалғыз қалғанда» сыншылардын әр түрлі пікірлеріне ие болды. Rotten Tomatoes сайтында 50 сыншының пікірлері бойынша 62% жағымды рейтингіне ие болды. Сыншылардың берген орташа бағасы 5,5/10 құрады[35]. Metacritic (ағыл.) сайтындағы орташа бағасы тоғыз сарапшының пікірлерінің негізінде мүмкінді жүз балдың алпыс үшіне ие болды[34]. CinemaScore (ағыл.) сайтындағы көрермендердің берген дауыстары бойынша «А» орташа бағасы қойылған (бағалау шкаласы «F»-тен «A+» дейін)[38].

Американдық Variety (ағыл.)басылымы «Үйде жалғыз қалғанда» фильмінің актерлік ұжымын мақтады[41]. The Washington Post басылымының рецензиялаушысы Джин Купер фильмдегі әзілге деген көзқарасты мақтады[42]. Дәл сол басылымның сыншысы Хэл Хинсон Крис Коламбустың режиссурасімен Калкинның актерлік ойыныңа тәнті болғанын айтады[43]. The New York Times басылымының сыншысы Кэрин Джеймс фильмнің бірінші жартысы жалықтыратын көріністерге толы десе, екінші жартысындағы қара юморді жоғары бағалады. Сонымен қоса Кевинмен қарт Марлидің арасындағы диалогі мен фильмнің ақтық көріністерін мақтады[44]. Уақыт өте «Үйде жалғыз қалғанда» көрермендер арасында мерекелік классикаға айналған. The Huffington Post[45], Thrillist (ағыл.)[46], Empire[47], CinemaBlend[48] басылымдары бүкіл уақыттағы жаңа жылдық фильмдердің ішіндегі ең үздіктердің бірі деп есептейді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1991 жылы фильм Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack[25] саундтрегі үшін «Фильмдегі үздік музыка» (ағыл.), «Somewhere in my Memory»[5] композициясы үшін «Фильмдегі үздік ән» (ағыл.) номинацияларында «Оскар» сыйлығына ұсынылған. «Somewhere in my Memory» композициясы «Визуалды медиадағы үздік ән» (ағыл.) номинациясында «Грэмми» сыйлығына ұсынылғанымен, жеңіске жете алмады[5]. Маколей Калкин «Комедия немесе мюзиклдегі үздік ер адам рөлі» (ағыл.) үшін, ал фильм «Комедия немесе мюзикл жанрындағы үздік фильм» (ағыл.) номинацияларында «Алтын глобус» сыйлығына ұсынылып, жеңіске жетпеген[5]. 1991 жылы фильм British Comedy Awards (ағыл.), Kids’ Choice Awards (ағыл.) және «Жас актер» (ағыл.) сыйлықтарының жүлдегерлері болды[5]. Сол жылы 18 айдың ішінде сатылған 3 миллион билеттер үшін «Алтын экран» (нем.), дәл сол уақыт ішінде сатылған 6 миллион билеттер үшін «Жұлдызды алтын экран» жүлделеріне ие болған[5]. Американдық киноөнер институтінің (ағыл.) «100 жылдың ішіндегі ең күлкілі 100 американдық фильмдері» (ағыл.) тізіміне енгізілуге ұсынылған[49].

1992 жылы бірінші фильмдегі актерлік ұжымның қатысуымен Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте жоғалған атты коммерциялық табысты жалғасы шықты[50]. Режисері – бірінші фильмді түсірген Крис Коламбус, сценарий авторы мен продюсері тағы да Джон Хьюз болды[50]. Бірінші фильмдегі «Лас жанды періштелер» атты фильмі «Үйде жалғыз қалғанда 2: Нью-Йоркте адасу»-да жалғасын тапты, бірақ «Өте лас жанды періштелер» деп аталды[50]. «Періштелер» жайлы екі мета-ленталардың басты кейіпкері Джонни есімді стереотипті мафиози болды, оның рөлін Ральф Фуди (ағыл.) орындады[50].

Франшизаның үшінші бөлімі Үйде жалғыз қалғанда 3 деген атпен 1997 жылы шықты. Фильмнің актерлық ұжымы мен сюжеті толықтай басқа болған[51]. Сценариін тағы да Хьюз жазды. Режиссері - Раджа Госнелл (ағыл.)[51]. Басты рөлдерде Алекс Дэвид Линц (ағыл.) пен Хэвиленд Моррис (ағыл.)[51]. Жоғары бюджетке қарамастан («Үйде жалғыз қалғанда»-ға қарағанда екі есе артық) кассалық жинақтары 79 миллион доллар ғана құрады[52].

Теледидарда ғана көрсетілімге түсірілген төртінші фильм «Үйде жалғыз қалғанда 4» (ағыл.) деп аталды. Фильм 2002 жылдың 3 қарашасында ABC телеарнасында бірінші рет көрсетілді[53]. Бұл фильм франшизаның алғашқы екі фильмдегі кейіпкерлер жайлы болғанымен, олардың рөлдерін басқа актерлер сомдаған[54]. Картинаның режиссері Род Дэниел (ағыл.), сценариін Дебра Франк пен Стивен Хэйз жазған[54]. Кевин Маккаллистердің рөлін Майк Вейнберг орындады[54]. Сонымен қатар фильмге Френч Стюарт (ағыл.), Мисси Пайл (ағыл.), Джейсон Бех (ағыл.), Эрик Авари (ағыл.) сынды актерлар қатысқан[54].

2012 жылдың 25 қарашасында «Үйде жалғыз қалғанда 5: Мерекелік ұрлық» (ағыл.) атты соңғы бөлімі ABC Family телеарнасында көрсетілді[55].. Сценариін Аарон Гинбург және Уэйд МакИнтаер жазды. Картинаны режиссер Питер Хьюитт (ағыл.) түсірді[56]. Басты рөлдерді Кристиан Мартин, Эдди Стиплз (ағыл.), Джодель Ферланд (ағыл.), Дог Муррэй, Элли Харви (ағыл.), Деби Мейзар (ағыл.) және Малкольм Макдауэлл (ағыл.) орындады[56].

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Фрэнк ағайдың рөлі арнайы Келси Грэммер (ағыл.) үшін жазылған.
  • Фильмнің мұқабасындағы екі қолымен бетін ұстап бақырған Кевиннің бейнесі Эдвард Мунктің «Айқай» атты суретінің негізінде жасалған.
  • Джон Кэндидің (ағыл.) бос уақытының аздығын, фильмге бір күнін ғана бөле алды. Оның кейіпкері қатысатын эпизодтардың барлығы тоқтаусыз 23 сағатта түсірілген[57].
  • Гарридің рөліне Роберт Де Ниро шақырылған, дегенмен актер бұл рөлден бас тартқан[57].
  • Фильмге Крис Коламбус отбасы мүшелері де қатысты. Жұбайы Моника Деверо стюардессаның, ал қайын атасы полиция қызметкерінің рөлдерінде ойнады. Сонымен қатар Коламбустың енесі мен кішкентай Элеанор есімді қызың эпизодтық көріністерден байқауға болады.
  • Фильмдегі Кевин сызған жоспар-сызбасын шынында да Маколейдің өзі сызған болатын.
  • Фильмдегі өрмекшіге қатысты эпизодты түсіру барысында расымен өте улы тарантул өрмекші қолданылды. Сондықтан Дэниел Стерн айғайлаған жоқ. Себебі, тым қатты айғай өрмекшіні шошытып, соңы жаман болу мүмкін еді[57].
  • Базздың бөлмесінде американдық Айс-Ти (ағыл.) есімді рэп орындаушысы бейнелген плакатты байқауға болады

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ескертпелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Анықтамалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 18 айдың ішінде сатылған 3 миллион билет үшін беріледі.
  2. 18 айдың ішінде сатылған 6 миллион билет үшін беріледі.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Home Alone (PG)  (ағыл.). British Board of Film Classification (16 қараша 1990).
  2. a b c Home Alone Movie Budget and Box Office  (ағыл.). Box Office Mojo.
  3. The top grossing Christmas films of all time  (ағыл.). The Daily Telegraph (25 желтоқсан 2015).
  4. All Time Box Office Adjusted for Ticket Price Inflation  (ағыл.). Box Office Mojo.
  5. a b c d e f g h i Awards and nominations recived by Home Alone  (ағыл.). IMDb.
  6. a b c Darryn King «Merry Christmas, Ya Filthy Animal»: Inside the Making of Home Alone’s Fake Gangster Movie  (ағыл.). Vanity Fair (22 желтоқсан 2015).
  7. Ira Madison III Chris Columbus Directed Home Alone Instead of Christmas Vacation Because He Met Chevy Chase  (ағыл.). Vulture (10 қараша 2015).
  8. a b c d e f Honeycutt, Columbus, 2015, б. 159-163
  9. a b c d e f g Amy Wilkinson Home Alone turns 25: A deep dive with director Chris Columbus  (ағыл.). Entertainment Weekly (6 қараша 2015).
  10. a b c Alan Citron Warner’s Christmas Present to Fox: The studio passed on two films that appear to be the season’s biggest box-office hits. The successes couldn’t come at a better time for Fox’s struggling parent  (ағыл.). Los Angeles Times (21 желтоқсан 1990).
  11. David Teather Fade to red  (ағыл.). The Guardian (30 қараша 2007).
  12. Hoban, 1991, б. 36
  13. Home Alone filming locations  (ағыл.). Movie Locations (12 маусым 2008).
  14. a b Gary Lucido Home Alone House Sells For 1.585 Million Dollars  (ағыл.). Chicago Tribune (9 наурыз 2012).
  15. a b Home Alone 2: Lost in New York Filming Locations  (ағыл.). Movie Locations Guide (12 маусым 2008).
  16. Facts about the Home from Home Alone  (ағыл.). Zillow (3 қантар 2006).
  17. Jennifer Wood 25 Things You Might Not Know About Home Alone. Mental Floss (16 қараша 2015).
  18. Home Alone house for sale  (ағыл.). RTÉ News (6 мамыр 2011).
  19. How to Get Your Home in the Movies  (ағыл.). Real Estate (16 маусым 2007).
  20. Grace Episcopal Church in Oak Park  (ағыл.). Grace Oak Park.(қолжетпейтін сілтеме)
  21. Remembering Home Alone  (ағыл.). YouTube (15 наурыз 2008).
  22. a b Johnny Loftus John Williams — Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack  (ағыл.). AllMusic (4 желтоқсан 1990).
  23. Home Alone — Original Soundtrack  (ағыл.). Amazon (4 желтоқсан 1990). — Cassette.
  24. Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack  (ағыл.). Amazon (27 мамыр 2015). — Audio CD.
  25. a b The 63rd Academy Awards in 1991  (ағыл.). Academy of Motion Picture Arts and Sciences (1991).
  26. John Williams — Home Alone: Original Motion Picture Soundtrack  (ағыл.). Discogs.
  27. Pat H. Broeske Home Alone in 9th Week as No.1 Film  (ағыл.). Los Angeles Times (14 қантар 1991).
  28. a b c Scott Mendelson Home Alone At 25: How I Forgave A Mediocre Movie For Becoming A Box Office Champion  (ағыл.). Forbes (16 қараша 2015).
  29. Home Alone 1990 — Weekend Box Office Results  (ағыл.). Box Office Mojo.
  30. Movie box office results for the top 50 movies of 1990  (ағыл.). Movies.(қолжетпейтін сілтеме)
  31. Gary Panton Home Alone — Movie Review  (ағыл.). Movie Gazette (13 желтоқсан 2004).
  32. Home Alone Total Tickets  (ағыл.). Box Office Mojo.
  33. Goldman, 2001, б. 49
  34. a b Home Alone Movie Reviews  (ағыл.). Metacritic.
  35. a b Home Alone Movie Reviews  (ағыл.). Rotten Tomatoes.
  36. Roger Ebert Home Alone Review  (ағыл.). Chicago Sun-Times (16 қараша 1990).
  37. Owen Gleiberman Home Alone Review  (ағыл.). Entertainment Weekly (25 шілде 2007).
  38. a b CinemaScore Official Website  (ағыл.). CinemaScore. — «Үйде жалғыз қалғанда» фильмнің бағасың көру үшін Find CinemaScore жолағында Home Alone деп терсеңіз төменірек астында бағасы көрсетіледі.
  39. Marc Savlov Home Alone Movie Review  (ағыл.). The Austin Chronicle (11 қантар 1991).
  40. Home Alone Movie Reviews and Raitings  (ағыл.).
  41. Variety Reviews — Home Alone  (ағыл.). Variety (16 қараша 1990).
  42. Jeanne Cooper Home Alone Review  (ағыл.). The Washington Post (16 қараша 1990).
  43. Hal Hinson Home Alone Second Review  (ағыл.). The Washington Post (16 қараша 1990).
  44. Caryn James Movie Review — Home Alone; Holiday Black Comedy For Modern Children  (ағыл.). The New York Times (16 қараша 1990).
  45. 17 Favorite Christmas Movies List  (ағыл.). The Huffington Post (24 желтоқсан 2012).
  46. Dave Infante Best Christmas Movies including Home Alone, Scrooged, Muppet Christmas Carol  (ағыл.). Thrillist (21 желтоқсан 2014).
  47. Helen O’Hara The 30 Best Christmas Movies Ever  (ағыл.). Empire (22 желтоқсан 2016).
  48. Greg Wakeman The 10 Greatest Christmas Movies Of All-Time, According To British People  (ағыл.). CinemaBlend (2015).
  49. AFI’s 100 Years...100 Laughs Nominees  (ағыл.). American Film Institute (2002).
  50. a b c d 10 Things You Didn’t Know About Home Alone  (ағыл.). The FW.
  51. a b c Roger Ebert Home Alone 3 Review  (ағыл.). Chicago Sun-Times (12 желтоқсан 1997).
  52. Home Alone Movie Budget and Box Office  (ағыл.). Box Office Mojo.
  53. Home Alone: Taking Back the House  (ағыл.). Blu-ray (2 қыркүйек 2003).
  54. a b c d Home Alone: Taking Back the House  (ағыл.). IMDb.
  55. Frugal Fun: ABC 25 Days of Christmas Schedule  (ағыл.). For the Mommas (31 қазан 2012).
  56. a b Home Alone: The Holiday Heist  (ағыл.). IMDb.
  57. a b c 25 Things You Might Not Know About Home Alone  (ағыл.). Mental Floss (16 қараша 2017).

Пайдаланылғын әдебиеттер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]