Жақсы мақалалар - сапасы жақсы, бірақ әзірше таңдаулы мақала болып қабылданбаған мақалалар. Жақсы мақалалар үміткерлікке ұсыну процессін сәтті өте отыра, жақсы мақала критерилеріне сәйкес келеді. Қысқасы, олар өте жақсы жазылған, іс жүзінде нақты және сенімді мағлұматы бар, кең қамтылған, пікір жағынан бейтарап, тұрақты және мүмкіндігінше авторлық құқықты бұзбайтын суреттермен толықтырылған болуы тиіс. Жақсы мақалалар таңдаулы мақалалар сияқты терең, әрі ұзын болуы міндетті емес, дегенмен тақырыптың негізгі қыр-сырларын қамтуы керек. Келесі салыстыру жақсы және таңдаулы мақала айыомашылықтарын сипаттайды. [1]
Мақалаға "жақсы" деген жұлдызша беру процессі қарапайым. Егер қандай да бір мақаланы жақсы деп тапсаңыз, оны Уикипедияның дауыс беру бетіне ұсына аласыз. Сайлаушылар тарапынан ұсынған мақалаңыз таңдалса, ол Уикипедияның жақсы мақалалар тізіміне қосылады. Қарсы жағдайда, қажетті жақсарту ұсыныстары мақаланың талқылау бетіне жазылуы тиіс. [2]
Қазір Уикипедияда қазақ тілінде жазылған 238 238 мақала бар. Оның ішінде 19 жақсы мақала бар.
Мақаланың жоғарғы жағында, оң жақта тұрған кішкене күміс жұлдызша () мақаланың жақсы екенін көрсетеді.
Жақында таңдалған мақалалар
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — тірі ағзаларды және олардың тіршілік ету процестерін зерттейтін ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының бір саласы.
Ол тіршілік құбылыстарының бәрін, тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін, олардың табиғи бірлестіктерін, таралуын, эволюциясын, өзара бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын зерттейді. Биологияның негізгі міндеті — бүкіл органикалық дүниенің (жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, бактериялардың, вирустардың) қасиеттерін, пайда болуы мен даму заңдылықтарын зерттеу арқылы жалпы тіршіліктің мәнін анықтау, оны басқару, мақсатқа сай өзгерту әдістерін табу.
Батыс майданындағы 16 армияның 316-атқыштар дивизиясындағы (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы) 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтыңМәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тас жолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.
Қымыз — биеніңсүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.
Қымыз — түркі және моңғол көшпелі халықтарының бірнеше мыңжылдықтан бері пайдаланып келе жатқан сусыны.
Қымыз ашыған күні қымыздың алды ауыл адамдарына беріледі. Жазғытұрымда бие байланған кезден бастап, қазан айының басына дейін (бие ағытылғанша) қымыз үзілмейді. Қымыздың жақсы болуы ыдысына, ашытылуына, ұсталу бабына байланысты болады. Қымыздың шипалық, емдік маңызы зор.
Бие сүтінен даярланатын қымызды көптеген көшпелі халықтар — қазақтар, қырғыздар, башқұрттар баяғы заманнан білген. Оны даярлау әдістерін ежелгі скифтер де білген екен. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда грек тарихшысы Геродот, көшпелі скифтер бие сүтінен қымыз даярлаған, деп жазды. Олар бие сүтін ағаш күбіге құйып ашытқан. Сол Геродоттың айтуынша, көшпелілер сүтті ұзақ уақыт сақтау әдістерін құпия ұстаған.
(толығырақ ...)
Сыншылар фильм жайлы аралас пікір білдірген. Фильм Солтүстік Америкада шығарылған жаңа жылдық комедиялар арасында ең мол касса жинаған. Сонымен қатар фильм АҚШ кинематографы тарихындағы ең мол касса жинғана комедия ретінде рекорд орнатқан. Бұл рекорд 2011 жылы «Бас жазу: II бөлім» кинофильмі шыққанға дейін ұсталып тұрған. Картина төрт сиквелден тұратын франшизаның негізі болды, олардың екеуі ғана бір-бірімен байланысы бар фильмдер. Алғашқы актерлық құрам тек «Үйде жалғыз қалғанда: Нью-Йоркте адасу» фильмінде сақталған. Ал қалған екі сиквел толықтай дербес фильм.
(толығырақ ...)